49
RMC-M150
KAZ
таңдаңыз. Әдепкі белгіленген уақыт мәнінің орнына дисплейде «– – – –» символда-
ры пайда болады.
2. Сіз шегерілген старт уақытын орната аласыз.
3. «Старт/Автоподогрев» түймешігін басып ұстап тұрыңыз, «Старт/Автоподогрев» және
«Отмена/Подогрев» түймешіктерінің индикаторлары жанады. Дисплейде әзірлеудің
жалпы уақыты пайда болады, жеке бағдарламаны орындау және оның жұмысының
кері есебі басталады.
4. Автожылытуды өшіру үшін «Старт/Автоподогрев» түймешігін басып ұстап тұырыңыз
(«Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы сөнеді). «Старт/Автоподогрев» түй-
мешігін қайта басу арқылы осы функцияны қосуға болады.
5. Әзірлеу үдерісінде дисплейде кезең-кезек бағдарлама жұмысының соңына дейін қалған
уақыт, және осы кезең үшін таңдалған әзірлеу температурасы пайда болады. Бір әзірлеу
кезеңінен (температуралық режим) екіншісіне өткенде дыбыстық сигнал шығады.
Зауыт теңшелімдеріне оралу
Жеке бағдарламаны жойып, өзгертілген автоматты бағдарламаның зауыт теңшелімдерін
қалпына келтіру үшін оны «Меню» түймешігін басып отырып, таңдаңыз. Содан кейін бір мез-
гілде дыбыстық сигналға дейін «Час/Мин» және «Отложенный старт» түймешіктерін басыңыз.
Барлық автоматты бағдарламалар үшін зауыт теңшелімдерін қалпына келтіру үшін аспап
күту режимінде болғанда дыбыстық сигналға дейін бір мезгілде «Час/Мин» және «Отло-
женный старт» түймешіктерін басып ұстап тұрыңыз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі
1. Рецепт бойынша қажетті құрамдастарды дайындаңыз (өлшеп қойыңыз), табаққа
салыңыз. Сұйықтықты қоса, барлық құрамдастар табақтың ішкі бетіндегі шкаланың
ең жоғарғы белгісінен төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспаптың корпусына орнатыңыз. Ол қыздыратын элементке тығыз тиетініне
көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр желіге қосыңыз.
4. «Меню» түймешігін басып, қажетті әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз. Мәзірден ыңғай-
лы шарлау үшін «–» немесе «+» түймешіктерін басыңыз.
5. Әзірлеу уақытын орнату үшін «Таймер/t°С» түймешігін басыңыз. Дисплейде өзгерту-
ге болатын әдепкі орнатылған әзірлеу уақыты жанады.
6. Қажет болғанда шегерілген старт уақытын орнатыңыз.
7. «Старт/Автоподогрев» түймешігін басып бірнеше секунд ұстаңыз. «Старт/Автоподо-
грев» және «Отмена/Подогрев» түймешіктерінің индикаторлары жанады. Әзірлеу
үдерісі және бағдарлама жұмысының керісінше уақыт есебі басталады.
8. Әзірлеу бағдарламасы аяқталуы туралы сізді дыбыстық сигнал ескертеді. Ары қарай,
теңшелімдерге байланысты аспап автоысыту режиміне (дисплейде осы функцияның
жұмыс уақытының тікелей есептелуі басталады) немесе күту режиміне ауысады.
«Старт/Автоподогрев» түймешігін басып және ұстап автоысытуды алдын ала өшіру-
ге болады («Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы өшеді). «Старт/Автоподогрев»
түймешігін қайта басып осы функцияны қайта қосуға болады.
9. Әзірлеу үдерісін үзу, енгізілген бағдарламаны болдырмау немесе автоысытуды өшіру
үшін «Отмена/Подогрев» түймешігін басып ұстаңыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Бағдарлама пайдаланушы тапсырған әзірлеу температурасы мен уақытының параметлері
бойынша кез келген тағамды әзірлеуге арналған. Температураны орнату диапазоны: 5°С
өзгеру қадамымен 35–180°С. Уақытты орнату диапазоны: 1 минут (2 минуттан 1 сағатқа
дейін интервал үшін) немесе 5 минут (1 сағаттан 15 сағатқа дейін интервал үшін) өзгеру
қадамымен 2 минуттан 15 сағатқа дейін. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының
1–4 т. ұстаныңыз. Одан кейін әзірлеу температурасын орнату режиміне ауысу үшін «Тай-
мер/t°С» түймешігін басыңыз. Дисплейде әдепкі орнатылған әзірлеу температурасы
жанады (100°С). «+» және «–» түймешіктерін басып, қажетті әзірлеу температурасын
орнатыңыз. Әзірлеу температурасы орнатылған соң «Автоматты бағдарламаларды пай-
даланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 5–9 т. ұстаныңыз.
Назар аударыңыз! Тағамды әзірлеу температурасы 75°С дейін болғанда автоысыту
функциясы өшеді. Қажет болғанда әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң «Старт/
Автоподогрев» түймешігін басып және бірнеше секунд ұстап оны қолмен қосуға бола
-
ды («Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы жанады). 140°С және одан жоғары
температураны таңдағанда әзірлеудің ең көп уақыты – 2 сағат.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, құс еті, теңіз өнімдерін бұқтыруға кеңес беріледі. «ТУШЕНИЕ» бағдарлама-
сында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарламаға бисквит, пісірме, ашытылған және қатпарлы қамырдан пирогтарды пісіру-
ге кеңес беріледі. «ВЫПЕЧКА» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 50 минут құрай-
ды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта
қолмен орнатуға болады.
Азық-түлікті рецепт бойынша өлшеп, табаққа салыңыз. Барлық құрамдастар табақтың
ішкі бетіндегі 1/2 белгісінен төмен болғанын байқаңыз. Одан кейін «Автоматты бағдар-
ламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 2–9 т. ұстаныңыз.
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Бағдарламаны әртүрлі жармадан үгілмелі ботқа пісіруге, әртүрлі гарнир әзірлеуге пай-
даланылуға кеңес беріледі. «РИС/КРУПЫ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 30
минут құрайды. Уақытты орнату диапазоны: 1 минут (2 минуттан 1 сағатқа дейін интервал
үшін) немесе 5 минут (1 сағаттан 4 сағатқа дейін интервал үшін) өзгеру қадамымен 5
минуттан 4 сағатқа дейін.
Содержание RMC-M150
Страница 1: ...Мультиварка RMC M150 Руководство по эксплуатации ...
Страница 2: ......
Страница 3: ... 8 30 37 45 53 61 69 76 83 RUS GBR UKR KAZ UZB ROU LTU LVA EST ...
Страница 5: ...3 4 5 1 2 15 14 12 10 9 160 120 11 13 A1 6 8 7 16 ...
Страница 6: ...ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ МАСТЕРШЕФ МАСТЕРШЕФ ЗАПИСЬ МАСТЕРШЕФ СБРОС 1 8 9 2 7 3 6 4 5 A2 ...
Страница 7: ...4 3 3 2 9 8 1 6 5 7 A3 ...
Страница 90: ......