4
Батарея бөлімінің қақпағын тұтқаға қайта сырғытып кіргізіңіз.
5
Батарея бөлімінің қақпағын параметр индикаторы «өшірулі» күйді
(0) көрсеткенше сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Батареядағы сұйықтықтың ағып кетуіне байланысты
зақымды болдырмау жолы:
-
құралды тікелей күн шуағына тигізбеңіз;
-
құралды 35°C температурасынан артық температурада ұстамаңыз;
-
егер құралды бір ай немесе одан көп уақыт бойы қолданбайтын
болсаңыз, батареяларды алып тастаңыз;
-
бос батареяларды құралда қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдалану
Мұрын түгін және құлақ түгін қырқу үшін қырқу басын пайдалануға
болады. Қас тарақтарының біреуін қырқу басына қойсаңыз, оны
қастарды және мойындағы түкті кесу үшін де пайдалануға болады.
Мұрын шаштарын кесу
Танауыңыз таза болуы керек.
1
Құралды қосыңыз. Батарея бөлімінің қақпағын «өшіру» (0)
күйінен «қосу» күйіне (I) ауыстырыңыз.
2
Қырқу басын абайлап танауыңыздың біріне кіргізіңіз.
Қырқу басын танауыңыздың біріне 0.5 см. ден артық кіргізбеңіз.
3
Құралды жәймен айналдырып жылжытыңыз, сөйтіп
мұрныңыздағы құтылғыңыз келген түктерді алып тастайсыз.
ҚАЗАҚШ
А
63