61
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Қорғау қақпағы
2 Кесетін элемент
3 Шаш кесу
4 Сап
5 Параметр көрсеткіші
6 ’Қосу’ көрсеткіші
7 ’Өшіру’ көрсеткіші
8 Ашу’ көрсеткіші
9 Батарея орнының қақпағы
10 Құлыптау индикаторы
11 «Құлпы ашылған» индикаторы
12 Дәл қырқу тарағы (3 мм/0,12 дюйм)
13 Дәл тегістеу басы
14 Мөрлейтін сақина
15 Ұзын қас тарағы (5мм/0.2дюйм)
16 Қысқа қас тарағы (3мм/0.12дюйм)
17 Бір рет пайдалануға арналған AA сілтілі батареясы
18 Щетка
19 Сақтау дорбасы
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Абайлаңыз!
-
Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі және білімі
жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген
жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
Балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.
Ескерту
-
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын сумен
шаюға да болмайды.
-
Бұл құрал тек батареямен ғана қызмет етеді.
-
Мұрын/құлақ қырқу басының және дәл қырқу басының қырқу элементтері,
тарақтар немесе мотор блогы зақымдалған немесе бұзылған болса,
құралды пайдаланбаңыз, өйткені бұл жарақаттауы мүмкін.
-
Құралды тек 15° C және 35° C аралығындағы температурада
зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
-
Бұл құрал тек мұрын немесе құлақ түгін қырқуға және бет шашының
жиектеріне пішін беруге арналған. Қас тарақтарының көмегімен
құралы қастарды қырқу үшін пайдалануға болады.
Дәл қырқу басының көмегімен мойын шашын қырқуға болады.
Құралды кез келген басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚША