тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін
тигізеді (Cурет 15).
-
Ішіне орнатылған қайта зарядталатын батареялардың құрамында
қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды тастамас немесе
арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын, батареяларды алып
тастаңыз. Оларды арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз.
Батареяларды шығара алмасаңыз, құралды Philips қызмет
орталығына апаруға болады. Ондағы қызметкерлер батареяларды
шығарып, қоршаған ортаға зиянсыз әдіспен жояды (Cурет 16).
Қайта зарядталатын батареяларды шығару
1
Құралды адаптерден ажыратыңыз. Батарея заряды толығымен
таусылғанша, құралды қосып қойыңыз. Қыратын құрал басын
шығарыңыз.
2
Құралдың екі жағындағы панельдерді бұрауышпен босатып,
шығарып алыңыз (Cурет 17).
3
Бұрауышпен жоғары қарай итеріп, құралдың алдыңғы тақталарын
шығарыңыз (Cурет 18).
4
Тұтқаның астыңғы жағындағы сымдарды кесіп тастап, ішкі
бөліктерін көтеріңіз. Қайта зарядталатын батареяларын
шығарыңыз. (Cурет 19)
Қайта зарядталатын батареяларды ауыстыруға әрекет жасамаңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды шығарып алғаннан кейін, құралды
ток көзіне жалғамаңыз.
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса бір мәселе
туындаса, Philips компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз
немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан
табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаса,
жергілікті Philips дилерімен хабарласыңыз.
ҚазаҚша
54