Жалпы ақпарат
-
Бұл құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес келеді, сондықтан ваннада немесе душта қолдануға және
ағын сумен жууға болады (Cурет 2).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз.
Пайдалануға дайындау
зарядтау
Батареялар толығымен зарядталуы үшін шамамен 10 сағат керек.
Батареялардың заряды толық болса, құралды сымсыз 40 минутқа дейін
қолдануға болады.
Ток көзіне қосар алдында, құралды міндетті түрде өшіріп қойыңыз.
1
Құралдың қуат сымын құралға жалғаңыз (1). Адаптерді қабырға
розеткасына қосыңыз (2) (Cурет 3).
,
Адаптердің зарядталу шамы жанады.
Ескертпе. Құрал толық зарядталғанда да адаптердегі зарядталу
шамы жанып тұра береді.
Ескертпе. Адаптерді ток көзіне қосулы күйінде 14 сағаттан артық
қалдырмаңыз. Бұл батареялардың қызмет ету мерзіміне әсер етуі
мүмкін.
Қайта зарядталатын батареялардың заряды аз
немесе таусылған (тек HP6368 үлгісінде)
-
Пайдалану кезінде батарея заряды азая бастаса, «батарея заряды
аз» шамы жанады. Қырынуды тағы бірнеше минут жалғастыруға
болады. (Cурет 4)
-
Батарея заряды таусылғанда, «батарея заряды аз» шамы сөніп,
құрал жұмысын тоқтатады. Батареяны бірден зарядтаңыз.
ҚазаҚша
50