-
Құралды батарея заряды аз кезде өшірсеңіз, «батарея заряды аз»
шамы 4 рет жыпылықтайды.
Құралдың қыратын басын тағу/шешу
1
Құралдың қыратын басын тағу үшін , оны тұтқаның
саңылауындағы бағыттау ойықтарының екі жағына қарай
сырғытыңыз. Содан соң құралдың қыратын басын құралға итеріп
салыңыз (сырт ете түседі) (Cурет 5).
2
Қыратын басты босату үшін, оны құралдан суырып
алыңыз (Cурет 6).
Ескерту. Қос қабатты қырыну торын сындырып алмас үшін, оған күш
салмаңыз.
Құралды пайдалану
Бірінші рет қолданғанда құралдағы батареяның заряды толы болуын
тексеріңіз.
Ескертпе. Ladyshave құралын ток көзіне қосулы күйінде қолдану мүмкін
емес.
Қырыну
Ескертпе. Құралды қырыну үшін қолданғанда, оны сумен де, құрғақ
күйінде де пайдалануға болады.
1
Қос қабатты қырыну торын және кірістірілген триммерді жайлап
терінің үстіне қойыңыз. Бикини тұсын қырғанда, теріні бос
қолыңызбен тартып тұрыңыз. (Cурет 7)
Ескертпе. Құралды денеге қатты баспаңыз.
Ескертпе. Қолтық астын қырған кезде, теріні тарту үшін қолды
көтеріп тұрыңыз.
ҚазаҚша
51