48
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-торабында
тіркеңіз.
Теріні қорғау жүйесінің көмегімен Ladyshave Sensitive құралы теріні
зақымдалудан қорғай отырып, оған әдемілік және тегістік береді.
Оның қос қабатты торы бар солқылдақ басы теріні кесу қатерінсіз
қатты түктерді де оңай алады.
Ladyshave Sensitive құралын құрғақ немесе ылғалды ортада қолдануға
болады. Бұл — қайта зарядталатын батареяcы бар сымсыз жұмыс
істейтін құрал.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A
Кесетін бөлігі (триммер, алоэ вера жолағы, жұмсақ шашты көтеру
құралы және қос қабатты қырыну торы) бар құралдың қыратын
басы
B
Қосу/өшіру түймесі
C
Сап
D
«Батарея заряды аз» шамы (тек HP6368 үлгісінде)
E
Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
F
Бағыттау ойықтары
G
Кесетін бөлікті шешу сырғытпасы
H
Адаптер
I
Зарядтау шамы
J
Щетка
Көрсетілмеген: сақтайтын қалта (тек HP6368 үлгісінде)
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті!
-
Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
ҚазаҚша