6
Науаның төменгі бөлігінен ұнтақталған кофе қалдықтарын тазалау
үшін, тазалау щеткасын пайдаланыңыз.
Кеңес. Ұнтақталған кофені жинау үшін, сүзгі себетінің ішіне қағаз
немесе тұрақты сүзгі қойыңыз.
,
Ұнтақталған кофенің қалдықтары сүзгі себетіне түседі.
7
Кофе дәндері науасының қақпағын жауып, құлыпты «жабық»
позициясына келтіріңіз.
8
Ұнтақталған кофе қалдықтары бар қағаз сүзгіні шығарып, қоқысқа
тастаңыз.
Кофе қайнатқышын қақтан тазалау
Дисплейде «CALC» (Қақ) жазуы шыққанда (шамамен 60 қайнату
процесінен кейін), кофе қайнатқышын қақтан тазалау керек, әйтпесе ол
бітеліп қалуы мүмкін.
Құралды қақтан жүйелі түрде тазалау жұмыс жасау мерзімін ұзартып,
ұзақ уақыт бойы ең жақсы қайнату нәтижесі мен тұрақты қайнату
уақытын қамтамасыз етеді. Құралды қақтан тазарту:
-
жұмсақ су пайдаланғанда 120 қайнату айналымы сайын (18dH
деңгейіне дейін);
-
қатты су пайдаланғанда 60 қайнату айналымы сайын (18dH
деңгейінен жоғары).
Өз аумағыңыздағы судың қаттылығын анықтау үшін, жергілікті сумен
қамтамасыз ететін мекемеден ақпарат алуға болады.
Ескертпе. Өз аймағыңыздағы судың қаттылық деңгейін білмесеңіз және
жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемемен хабарласа алмайтын
жерде болсаңыз, құралды дисплейде «CALC» (Қақ) жазуы шыққан сайын
тазалап отыруды ұсынамыз.
Ескертпе. Дисплейден «CALC» (Қақ) жазуын жою үшін, 2-10 ШЫНЫ АЯҚ
[CUPS] түймесі мен ҚОЮЛЫҚ [STRENGTH] түймесін бірге басыңыз.
1
Су ыдысының қақпағын ашыңыз.
2
Су ыдысына 7 шыны аяқ ақ сірке суын (4% сірке қышқылы) және
3 шыны аяқ су құйыңыз.
3
Сүзгі себетіне қағаз сүзгі салып (№ 4), сүзгі себетінің ұстағышын
жабыңыз.
ҚазаҚша
86
Содержание HD7751
Страница 1: ...HD7751 Register your product and get support at www philips com welcome ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 198: ......
Страница 199: ......
Страница 200: ......
Страница 201: ......
Страница 202: ...4222 200 0556 1 ...