Тазалау
Бұл құралды тазалау үшін қыратын, қатты тазалайтын заттарды (мысалы, ағартқыш) немесе
қырғыш жөкені қолдануға болмайды.
Ешқашан негізі мен қуат сымын суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Ескертпе: стерилизаторды ыдыс жуғышта жууға болмайды. Себеттерді, төменгі
тақтаны және қақпақты ыстық сумен және сұйық ыдыс жууға арналған жуғышпен
тазалауға болады.
1
Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан ажыратып, суытып алу керек.
2
Негізін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
3
Төменгі тақтаны үлкен себеттен алып тастаңыз.
Кез келген қалған суды үлкен себет түпқоймасынан төгіп тастаңыз.
Ескертпе: әр стерильдеу циклінен кейін үлкен себет түпқоймасына су жиналады.
Әрбір қолданыстан кейін үлкен себеттен қалған суды төгіп тастаңыз.
4
Қақпақты, кішкене себетті, төменгі тақтаны және үлкен себетті аздаған сұйық ыдыс жууға
арналған жуғышпен ыстық суда тазалаңыз.
Ескертпе: тазалағаннан кейін стерилизаторды таза әрі құрғақ орында сақтаңыз.
145
Қазақша