Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төменде
берілген ақпарат көмегімен ақаулық шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Мәселе
Шешім
Стерилизаторды қашан
қақтан тазалауым керек?
Стерилизаторды пайдаланған кезде, қыздыру тақтайшасында
аппақ қардай түстен қоңырқай тартқан түске дейін кішкене дақтар
пайда болғанын байқайсыз. Бұл стерилизатор қағын тазалау қажет
екендігінің белгісі.
Кез келген жағдайда, стерилизатор қағын әрі қарай тиімді жұмыс
жасай беруі үшін кемінде әр 4 апта сайын тазалап тұрыңыз.
Неліктен стерильдеу
уақыты тым қысқа?
Стерильдеу үшін жеткілікті түрде су қоспадыңыз.
Негіздің су резервуарына тікелей нақты 130 мл/ 4.5 унция
дистильденген суды құйыңыз.
Неліктен
стерильдегеннен кейін
де қыздыру плитасында
көп мөлшерде су қалады?
Қыздыру плитасы тас қақпен бұғатталған болуы мүмкін.
Стерилизатор қағын кемінде әр 4 апта сайын тазалау қажет.
«Қақты тазалау» бөлімін қараңыз.
Неліктен негізде күйген
иіс және күйген белгісі
болады?
Үлкен себеттің түпқоймасынан қалған суды жиі-жиі төгіп тұрмаған
боларсыз. Әр стерильдеу циклінен кейін үлкен себет түпқоймасына
су жиналады. Әрбір қолданыстан кейін үлкен себеттен қалған кез
келген суды төгіп тастаңыз.
1
Төменгі тақтаны үлкен себеттен алып тастаңыз. Кез келген
қалған суды үлкен себет түпқоймасынан төгіп тастаңыз.
2
Төменгі тақтаны және үлкен себетті сұйық ыдыс жууға
арналған жуғышпен ыстық суда тазалаңыз.
Стерильдеу алдында заттар мұқият тазаланбаған болуы мүмкін.
Стерилизаторға салмас бұрын, заттарды ыдыс жуғыш машинада
немесе ыстық суға ыдыс жуу жуғышын қосып қолмен тазалаңыз.
Стерилизатор неліктен
жұмыс істеуді тоқтатады?
Қыздыру плитасы тас қақпен бұғатталған болуы мүмкін.
Стерилизатор қағын кемінде әр 4 апта сайын тазалау қажет.
«Қақты тазалау» бөлімін қараңыз.
Кепкеннен кейін заттар
ылғал болып қалады.
Заттар әртүрлі себептермен ылғал болуы мүмкін:
•
Қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы
•
Залалсыздандырғышты жүктеу
•
Заттар бір-біріне тым жақын жиналады
Тиімді кептіруді қамтамасыз ету үшін ыстық ауаның заттардың
айналасында айналатынына көз жеткізіңіз. Қажет болса, тағы бір
толық құрғату циклін іске қоса аласыз.
149
Қазақша