Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін
сақтап қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ
Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті және орнықты
ересек бақылауын алмастыра алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға болмайды.
Нәрестені ешқашан үйде жалғыз қалдырмаңыз. Әрқашан нәрестеге қарайтын адамның болатынын
тексеріңіз және оның қажеттіліктеріне мән беріңіз.
Бас тарту
Бұл нәресте мониторын өз тәуекеліңізбен пайдаланатыныңызды ескеріңіз. Koninklijke Philips N.V. және
оның еншілес компаниялары осы нәресте мониторының жұмысы үшін және оны пайдалануыңыз үшін
жауапты емес, сондықтан осы нәресте мониторын пайдалануыңызға қатысты ешқандай
жауапкершілікті өзіне алмайды.
Қауіпті жағдайлар
- Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
Құралды су немесе басқа сұйықтық тамып не шашырап кететін жерге қоюға болмайды. Нәресте
мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
- Нәресте мониторының үстіне ешнәрсе қоймаңыз және оны жаппаңыз. Ешқандай желдету
саңылауларын қалқаламаңыз. Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.
- Сымдар тұншығу қаупін тудырады. Сымдарды балалардан аулақ ұстаңыз (1 метрден/3,5 футтан
көбірек алыс). Ешқашан нәресте бөлігін нәрестенің төсегіне немесе ойнау алаңына (сурет 2)
қоймаңыз.
- Егер бір жолғы немесе қайта зарядталатын батареялар дұрыс ауыстырылмаса, жарылыс қаупі
болады. Оларды тек бірдей түрімен ауыстырыңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
- Адаптердің ешбір бөлігін өзгертпеңіз немесе кеспеңіз, бұл қауіпті жағдайды тудырады.
- Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз (S003PV0600050 үлгісі).
- Адаптер зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек түпнұсқасымен ауыстыру
керек.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға
болады. Балалар құралмен ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Қуат сымының әсіресе аша ұштарын, электр розеткаларын және олардың құралдан шығатын
жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
- Нәресте бақылаушысын оның сымы есікті немесе өтетін жерді бөгемейтіндей етіп орнатыңыз. Егер
нәресте мониторын үстелге немесе аласа корпус үстіне қойсаңыз, желілік шнур үстелдің немесе
үстел бетінің үстінде салбырап тұрмауы керек. Сымның еденде шалынып қалу қаупін
тудыратындай етіп жатпағанын тексеріңіз.
164
Қазақша
Содержание Avent SCD506
Страница 1: ...SCD506 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...34 35 26 2 1 3 4 5 13 12 14 33 16 36 18 15 6 7 8 11 20 19 21 22 23 24 25 32 31 9 28 27 29 30 10 17 1 ...
Страница 4: ......
Страница 174: ...fillpage std ...
Страница 175: ...inside back page ...
Страница 176: ...2 3 2 1 4 5 6 7 8 9 3 5ft 1m 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ...
Страница 177: ...26 ...
Страница 178: ...Page appears only if there are more than 24 figures ...
Страница 179: ......