41
KK
Сіз таңдаған Moulinette моделі өмірді жеңілдетуге арналған, ақылды, сенімді,
өнімділігі жоғары құралдар желісінің бөлігі болып табылады.
Құрылғымен бірге танысайық, осылай оны рахатыңызға қолданып, барлық
мүмкіндіктерін пайдаланасыз.
СИПАТТАМАСЫ
A
Мотор негізі
B
Басқару түймесі
C
Ұсақтау табағы
D
Алынбалы қалақша
E
Қақпақ
F
Блендер тостағаны
G
Блендер қақпағы
H
Қалпағы
I
Біріктірілген қалақша
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыңызды бірінші рет қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз және келешекте анықтамалық ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз: құрылғы тиісті түрде пайдаланылмаған жағдайда өндіруші
ешқандай жауапкершілік қабылдамайды.
• Құрылғы түсіп кетсе және оған зақым келсе (мысалы, қорғаныш панель) немесе
ол қалыпты жұмыс істемесе, оны пайдаланбаңыз. Мұндай жағдайда оны
мақұлданған қызмет көрсету орталығына апару керек.
• Осы құрылғыны дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар (соның ішінде балалар) олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның бақылауында болған және одан осы
құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алған жағдайда, пайдалана алады.
• Мұндай жағдайда ол мақұлданған қызмет көрсету орталығына жіберілуі керек.
• Қуат сымы немесе аша зақымдалса, құрылғыны пайдалануға болмайды.
Қауіптің алдын алу үшін қуат сымын өндіруші, оны сатудан кейінгі қызмет
немесе осыған ұқсас білікті маман ауыстыруы керек.
- Керек-жарақтарды ауыстырардан бұрын немесе қолданыстағы бөлшектерге
жақындамас бұрын құрылғыны сөндіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
- Абайлаңыз: құрылғыны дұрыс пайдаланбасаңыз, жарақаттануыңыз мүмкін.
- Ыдыстарды босатқанда, керек-жарақтарды жинап, бөлшектегенде және
тазалаған кезде ұсақтайтын пышақты абайлап ұстаңыз: ол өте өткір.
• Ингредиенттерді ыдыстан шығармас бұрын, ұсақтайтын пышақты жетегінен
шешіп алу керек.
• Ас үй комбайнына немесе араластырғышқа ыстық су құюға болмайды, себебі
ол күтпеген жерден қайнап кетсе, сыртқа төгілуі мүмкін.
- Құрылғыңыз 2000 метрден төмен биіктікте орналасқан (тек үйдің ішінде)
тұрмыстық аспаздық қолдануға арналған.
• Ол кепілдікке кірмейтін мынадай жағдайларда қолдануға арналмаған:
• дүкендердің, кеңселердің және басқа кәсіби ортаның, фермалардың
қызметкерлеріне, қонақ үйлердің, мотельдердің және басқа да тұрғын үй-
жайлардың клиенттеріне және қонақ бөлмелеріндегі немесе сол сияқты
тұрғын үй қызметкерлеріне арналған асүй бөлмелерінде.
• Құрылғыда керек-жарақтарды құрастыру және монтаждау, тазалау және
техникалық қызмет көрсету және құрылғыңыздағы функцияларды орнату
кезінде нұсқауларды қараңыз.
- ЕСКЕРТУ: Блендерді әрдайым қақпағын нұсқауларда көрсетілгендей
қалыпқа қойып пайдаланыңыз.
Содержание V3 LowRes
Страница 1: ...www moulinex com FR ES RU FA EN PT DE IT KK NL EL AR ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 2 3 E D C A B G F H ...
Страница 4: ...5 4 6 ...