
14
ҚазаҚша
ЖҰМЫСҚа ДаЙЫНДаУ
–
Торды (6), қаңылтыр табаны (4) және
қолсабын (5) бейтарп жуғыш зат қосылған
жылы сумен жуыңыз және мұқият сүртіңіз.
–
Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
–
Құрылғыны максималды қызу режиміне
қосыңыз, ол үшін «ТЕМПЕРАТУРА» реттегішін
(9) бұраңыз және оны «250» күйіне белгілеңіз.
–
«ТАЙМЕР» (11) тұтқасын сағат тілі бойынша
бұраңыз және жұмыс уақытын 10-15 минутқа
белгілеңіз, құрылғы іске қосылады және
көрсеткіш (12) жанады. Жұмыстың аяқталғаны
туралы дыбыстық белгі хабарлайды.
Ескерту: алғашқы пайдаланған кезде
қыздыру элементінің бөтен иісі және
түтіннің шағын көлемі пайда болуы мүмкін,
бұл қалыпты.
ЖаБДЫҚТаРЫ
Тор (6)
Өнімдерді қуыру немесе жібіту үшін торды
пайдаланыңыз. Төменгі қыздырғыш элементтің
ластануына жол бремеу үшін тордың астына
міндетті түрде қаңылтыр табаны (4) орнатыңыз.
Торды жұмыс камерасының ішінен тұтқаның (9)
көмегімен шығарып алыңыз.
Қаңылтыр таба (4)
Қаңылтыр табаны тағамдарды әзірлеу үшін,
сондай-ақ төменгі қыздырғыш элементті (3)
ластанудан қорғау үшін пайдаланыңыз
(оны тордың (6) астына орнатыңыз). Жұмыс
кезінде қаңылтыр таба (4) қызады, оны жұмыс
камерасының ішінен тұтқаның (5) көмегімен
шығарыңыз.
Ескерту
: тұтқада (5) қаңылтыр табаны (4)
ұстауға арналған үлкен ілгек және торға (6)
арналған кішкене ілгек бар.
Назар аударыңыз!
Құрылғының беті және
жабдықтары жұмыс кезінде қатты қызады!
Асүйлік қолғаптарды, ұстағыштарды және
тұтқаны (5) қолданыңыз.
ТаҒаМДаРДЫ ӘзІРЛЕУ
–
Тағамдарды торға (6) немесе қаңылтыр
табаға (4) салыңыз.
Ескерту
: тордың (6) астына майды,
сұйықтықты немесе қоқымдарды жинау үшін
қаңылтыр табаны (4) орнату керек..
–
Есікті (2) жабыңыз.
–
Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
–
«ТЕМПЕРАТУРА» реттегішінің (9) көмегімен
әзірлеу температурасын белгілеңіз.
Ескерту
: жұмыс камерасының шағын көлемі
белгіленген температураға дейін жылдам
қызады.
–
Нан, кекс немесе бәліш пісірген кезде тем-
ператураны рецепте көрсетілгеннен 10-15ºС
градусқа төмен етіп орнатыңыз.
–
«ҚЫЗМЕТТЕР» ауыстырғышының (10)
көмегімен қажетті жұмыс режимін таңдаңыз:
–
еріту;
–
гриль (жоғарғы қыздырғыш элемент іске
қосылған);
–
қуыру (төменгі қыздырғыш элемент іске
қосылған);
–
қуыру/гриль (екі қыздырғыш элемент іске
қосылған).
–
«ТАЙМЕР» (11) тұтқасының көмегімен әзірлеу
уақытын белгілеңіз. Әзірлеу уақытын белгілеу
үшін «ТАЙМЕР» (11) тұтқасын оңға бұраңыз,
пеш әзірлеу режиміне жұмыс істейді, ал
көрсеткіш (12) жанып тұрады. Белгіленген
уақыт аяқталған кезде құрылғы ажыратыла-
ды, ол туралы дыбыстық белгі хабарлайды,
көрсеткіш (12) сөнеді.
Ескерту
: әзірлеу ұзақтығын 7 минуттан
кем орнату үшін таймердің (11) тұтқасын
оңға қарай «60» белгісіне бұраңыз, одан кейін
қажетті жұмыс ұзақтығын белгілеп солға қарай
бұраңыз.
–
Әзірлеу
уақыты
пайдаланылатын
тағамдардың салмағына, сапасына және
қалыңдығына байланысты, сондықтан ең
қысқа әзірлеу уақытын белгілеңіз, одан кейін
қажеттілігіне орай әзірлеу уақытын ұзартуға
болады.
–
Мини пешті ажырату үшін «ТАЙМЕР»
(11) тұтқасын «СӨНД.» сөндірілген күйіне
белгілеңіз.
Ескерту:
жанып тұрған көрсеткіш (12)
құрылғының іске қосулы (әзірлеу режимінде)
екенін білдіреді.
Назар аударыңыз! Жұмыс істеп тұрған
құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз және
әзірлеу барысын қадағалаңыз.
–
Әзірлеуді аяқтаған соң, желілік баусымның
ашасын электр ашалығынан ажыратып,
құрылғыны сөндіріңіз.
–
Қолсаптан (7) ұстаңыз және есігін (2) ашыңыз,
абайлап асүйлік қолғаптарды, ұстауыштарды
немесе қолсапты (5) пайдаланып, тағамдарды
шығарыңыз.
–
Құрылғыға салқындауға уақыт беріңіз және
оны тазалаңыз.
IM MW-1854.indd 14
21.03.2018 14:16:33