70
• Егер қасыңыздағы адамдардың сөзін ести алмасаңыз, дыбыс деңгейін
төмендетіңіз.
Телефонды тыңдау деңгейлерін қалай реттеу керектігі туралы қосымша ақпаратты
телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құлақаспапты қауіпсіз пайдалану
Автокөлік жүргізіп келе жатқанда, құлақаспап арқылы музыка тыңдауға кеңес
берілмейді және кейбір аумақтарда заңсыз болып есептеледі. Автокөлік жүргізгенде
сақ болыңыз. Автокөлік жүргізгенде немесе назарды толық аударуды қажет ететін
әрекет кезінде кедергі келтіретін болса немесе көңіліңізді аударатын болса,
құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз.
Кеден одағының техникалық реттеулері
Өндіруші туралы ақпарат
LG ELECTRONICS INC128, YEOUI-DAERO, YEONGDUNGPO-GU, SEOUL, КОРЕЯ
Өндіруші зауыттар
EM-TECH VIET NAM COMPANY LIMITED
ип-6 көшесі, Йен Фонг өндірістік аймағы, Бак Нинь провинциясы, Вьетнам
Өндірілген күні
Өндірілген күні қорапта көрсетілген
Қосымша ақпарат
(1) Сақтау
Құрылғыны сыртқа немесе ауа-райы жағдайлары тікелей әсер ететін орындарға
(тікелей күн сәулесі, жел, жауын немесе нөл градустан төмен температуралар)
орнатпаңыз немесе сақтамаңыз.
(2) Тасымалдау
Өнім осы тасымалдау түрінде істейтін тасымалдау тауарлары ережелеріне сәйкес
тасымалдау құралдарымен тасымалданады.