69
Ауыстырылған бөлшектер немесе компоненттер LG Electronics меншігіне айналады.
- Бұл кепілдік қалыпты тозуға және жыртылуға қатысты немесе дұрыс пайдаланбауға
қатысты, оның ішінде шектелместен қалыптыдан және тұтынушылық мақсаттан
басқа жағдайда пайдалануға қатысты, өнімді пайдалану және техникалық
қызмет көрсету нұсқауларына сәйкес өнімнің қандай да бір ақауын қамтымайды.
Бұл кепілдік апатқа, өзгертуге немесе реттеуге, табиғат жағдайларына немесе
сұйықтан болған зақымға қатысты өнімнің қандай да бір ақауын қамтымайды.
- Бұл кепілдік LG Electronics орнынан басқа өкілетті тұлға жасаған жөндеу, өзгерту
немесе қызмет көрсету жұмыстарына қатысты ақауларды қамтымайды. Өнімдегі
пломбалардың бүлінуі кепілдіктің күшін жояды.
Шектеулі кепілдік
ОСЫ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ, LG ELECTRONICS БҰЛ ӨНІМНІҢ
ДИЗАЙНЫНДА, МАТЕРИАЛЫНДА ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯСЫНДА ТҰТЫНУШЫ
САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ АҚАУЛАРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ЖӘНЕ СОДАН КЕЙІНГІ БІР
(1) ЖЫЛҒА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ. ӨНІМІҢІЗГЕ КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІ ҚАЖЕТ БОЛҒАН
ЖАҒДАЙДА, САТЫП АЛҒАН ДЕЛДАЛҒА ОНЫ АЛЫП БАРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ҚОСЫМША
АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ LG ELECTRONICS БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА
ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/
немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Құлаққа зақым келудің алдын алу
Құлақаспапты қатты дауыспен тыңдасаңыз, есту қабілетіңізден айрылуыңыз мүмкін.
Дыбыс деңгейін қауіпсіз күйге қойыңыз. Уақыт өте қатты дауысқа үйреніп, бірқалыпты
шығып тұрғандай көрінуі мүмкін, бірақ есту мүшеңізді зақымдауы мүмкін.
Егер құлағыңыздан шырылдаған немесе тұншыққан дауысты ести берсеңіз,
тыңдауды тоқтатып, құлағыңызды тексертіңіз. Дыбыс деңгейі неғұрлым қатты болса,
есту мүшеңізге ықпал етуге қажетті уақыт соғұрлым аз болады. Есту мүшесінің
мамандары есту мүшеңізді қорғауға кеңес береді:
• Құлақаспапты қатты дауыспен пайдалану уақытын шектеңіз.
• Сырттағы шуылды естімеу үшін дыбыс деңгейін көбейтпеңіз.