36
Нұсқаулық
KZ
құралдарды ылғалды және дымқыл жайларда
пайдаланбаңыз. Жұмыс орнын құрғақ ұстаңыз,
жарықтандырудың жақсы болуын қамтамасыз
етіңіз. Құралды ылғалдан сақтаңыз. Құралды
ашық кеңістікте түнде қалдырмаңыз. Судың,
ылғалдың электрлік құралға түсуі кезінде
электрлік тоқ соққысына шалдығу қауіпі артады.
∙
Үнемі және әр қолданыс алдында құралдың
кабелінің жарамдылығын және тозбағандығын
тексеріп
отырыңыз.
Кабелі
зақымданған
құралды пайдаланбаңыз; ресми қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
∙
Ғимараттардын тыс жұмыс барысында
сәйкес маркалы арнайы ұзартқыштарды ғана
пайдаланыңыз. Кабельдің құралдың астына
түсуіне жол бермеңіз, оны ылғалдан, жылудың
әсерінен сақтаңыз, жақпамайлық зқаттармен және
тез тұтанатын сұйықтықтармен байланысуына
жол бермеңіз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша ерекше
ережелер
∙
Сәйкес келетін қорғаушы жабдықтарды
пайдаланыңыз. Сәйкес арнайы киімдерді
пайдаланыңыз. Міндетті түрде қорғаушы
көзілдіріктерді, құлаққаптарды, респираторды,
таймайтын табанды аяқ киімді, ұзын шалбар мен
мықты саусаққаптарды пайдаланыңыз.
∙
Тоқсымды абайлап қолданыңыз. Ашаны
тоқ көзінен ажырату үшін кабельді тартпаңыз.
Тоқсымды жылудың әсерінен сақтаңыз, оны
майлаушы заттармен, сондай-ақ өткір немесе
жылжымалы
заттармен
жанастырмауға
тырысыңыз. Тоқсымды кескіш құралдардың
әсерінен сақтаңыз.
∙
Бөлшекті мықтап бекітіңіз. Мүмкіндік бойынша
қысқыштар мен сыналарды пайдаланыңыз.
Олардың көмегімен қолға қарағанда бөлшек
берік орналастырылады.
∙
Тақта кескішпен жұмыс барысында тепе-
теңдікті сақтаңыз. Мықты, таймайтын жерлерде
жұмыс атқарыңыз.
∙
Қозғалтқышты іске қосқанда немесе оның
жұмысы барысында аяғыңызды дисктен немесе
басқа да қозғалмалы бөлшектерден тыс ұстаңыз.
∙
Қорғаушы қап және басқа да сақтандырушы
жабдықтар тек сіздің қауіпсіздігіңізді ғана емес,
құралдың дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді.
Оларды үнемі тексеріп отырыңыз және қорғаушы
жабдықтары жоқ құралмен жұмыс істемеуге
тырысыңыз.
∙
Оператор құралды дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде болатын зақымдар мен жарақаттар
үшін жауапты болып табылады.
∙
Тақта кескішті пайдаланатын және оған
қызмет көрсететін тұлғалар құралдың жұмыс
принциптерін жақсы білуі керек және оның
қолданылуына қатысты барлық тәуекелдермен
таныс болуы керек.
∙
Құралдың құрылысына қандай да бір
өзгерістер
енгізуге
болмайды,
құралды
бөлшектемеңіз.
∙
Тақта кескішке арналған сәйкес келетін
дисктерді ғана пайдаланыңыз. Дисктік араларды
пайдалануға болмайды. Тек түпнұсқалық
дисктерді ғана пайдаланыңыз. Дисктер өткірленіп
қайралған болуы керек. Кескіш дисктерге
шамадан тыс күш түсірмеңіз.
∙
Құрал сөндірілгеннен кейін тақта кескіштің
дискі бірнеше секунд бойы айналып тұрады.
Саусағыңызды сақтаңыз!
∙
Иілімдері мен кетіктері бар дисктерді
пайдалануға болмайды. Алмас дисктерге
шамадан
тыс
бүйірлік
күш
түсірмеңіз.
Алмас диск су багындағы суға салулы күйде
айналуы керек!
∙
Құралдың электрлік бөлшектеріне су
тигізбеңіз. ЭЛЕКТРЛІК ТОҚ СОҚҚЫСЫНА
Кабельдің қиылысы қуат пен ұзындыққа пропорционал. Ұзартқышты таңдау барысында кестеге назар
аударыңыз:
Қуаттылығы (Вт)
Кабельдің ұзындығы (м)
Тоқ күші/ қиылыс
<15m
<25m
<50m
Минималды шартты тоқ күші (A)
750
6
6
6
6A=>0.75mm2
1100
6
6
10
10A=>1.00mm2
1600
10
10
15
15A=>1.50mm2
2700
15
15
20
20A=>2.50mm2
КАБЕЛЬДІ АЙЫРБАСТАУ ТЕК БІЗДІҢ РЕСМИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫМЫЗДА ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛАДЫ