39
Нұсқаулық
KZ
Қосу / Сөндіру
Құралды тоқ көздеріне қоспас бұрын қорек беруші
желідегі кернеудің 230В/50Гц екендігіне көз
жеткізіңіз, оның үстіне аталған құрал номиналды
кернеу тарамына 400/230 В болатын тоқ күші 100
А тең не одан артық болатын желілі ғимараттарда
ғана пайдалануға рұқсатталады.
Тақта кескішті іске қосу үшін ажыратқышты (5)
«start» (қосу) қалыпына келтіріңіз (жасыл түймені
басыңыз).
Оны сөндіру үшін ажыратқышты (5) «stор»
(тоқтату) қалыпына келтіріңіз (қызыл түймені
басыңыз).
fig.8
5
ЕСКЕРТУ: Су багындағы (3) судың
деңгейін үнемі тексеріп отырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тақтаны
беру
жылдамдығы
дисктің
кесу
қабілетіне сәйкес болуы керек (2).
Осылайша сынықтардың ұшуына жол
бермей, жарақаттанудан сақтануға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды
қызудан сақтаңыз.
Қызмет көрсету және сақтау
∙
Қызмет көрсету алдында құралдың ашасын
желіден ажыратыңыз.
∙
Құралды және желдеткіш саңылауды
тазалықта ұстаңыз. Өндірістің мінсіз шарттарына
және тексерулерге қарамастан машина істен
шығатын болса, жөндеу жұмыстары IVT ресми
орталықтарында жүргізіледі.
∙
Үнемі тазарту және жөндеу құралдың
тиімділігінің
жоғарылығына
және
қызмет
мерзімінің ұзақтығына кепілдік бола алады.
∙
Барлық сақиналар, болттар және бұрамалар
мұқият бұралуы керек.
∙
Ақауланған немесе тозған бөлшектерді
алмастырыңыз.
∙
Құралды құрғақ әрі балалардың қолы
жетпейтін жерде, тез тұтанатын материалдардан
қауіпсіз қашықтықта сақтаңыз.
∙
Құралға су тигізбеңіз!
∙
Құралды жөндеу немесе тазарту алдында
оны желіден ажыратыңыз.
∙
Зақымдалған бөлшектерді жаңаларымен
алмастырыңыз.
∙
Ашаны
немесе
кабельді
алмастыру
үшін
құралдың
әзірлеушісіне
немесе
қызмет
көрсету
орталығына
жүгініңіз.
Қозғалмалы бөлшектердің белдемдік сәйкестігін
тексеріңіз, олардың мықты бекінісі мен жарамды
күйін қамтамасыз етіңіз.
∙
Жабықтарды тазарту, жөндеу немесе
алмастыру
алдында
құралдың
қорегін
ажыратыңыз.
∙
Ашаны розеткаға қосу алдында құралдың
сөндірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
∙
Тақта кескішті құрғақ, балалардың қолы
жетімсіз жерде сақтаңыз.
∙
Тек өндіруші ұсынатын немесе жеткізетін
қосалқы бөлшектер мен кескіш жабдықтарды
пайдаланыңыз.
Құралды
өз
еркіңізбен
жөндемеңіз. Осы нұсқаулықта қарастырылмаған
жұмыстардың барлық түрлері біздің ресми қызмет
көрсету орталықтарымызда атқарылуы керек.
Дискті (2) алмастыру
Дискті алмастыру үшін (2) төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
∙
Ашаны желіден ажыратыңыз.
∙
Су багын (3) босатып алыңыз.
∙
Төменгі қапты босатып алыңыз (13), бұл үшін
бекіткіш бұрамаларды босатыңыз.
∙
Бекіткіш сақинаны босатып, суырып алыңыз
және сыртқы фланецті суырыңыз.
∙
Дискті алыңыз (2) және жаңасын ішкі
фланецке орнатыңыз. Ішкі фланецті бекітіңіз.
∙
Төменгі қапты орнына орналастырыңыз
(13) және оны бұрамалармен бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды
тазарту алдында оны желіден
ажыратыңыз.