51
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Орамның құрамын көру үшін иллюстрациялық нұсқаулықтың I бетін қараңыз.
Барлық суреттер мұқабаның ішкі беттерінде орналасқан.
1. ЖШД дисплейі
2. Құлыпты белсендіру түймесінің ЖШД
3. Тақтаны жабу құлпы
4. Қуат кабелі
5.
түймесі (өшіру/қосу)
6. Температураны реттеу түймелері (+
және - түймелері)
7. Қыздыру тақталары
8. Техникалық деректер
Құрылғының мүмкінідктерін сыртқы орамнан қараңыз.
Тек жинақтағы қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Шаш түзулегішті пайдалану әдісін жылдам түсіну шашта қажет әсерге жету үшін дәл
қолдану уақытын орнатуға мүмкіндік береді.
•
Шаштың құрғақ, таза және ешбір шаш спрейінің, шаш муссының немесе гелінің ізі
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Түйіндер болмауы үшін шашты тараңыз. Мәнерлеуді мойын желкесінен бастап,
бүйірлерде жалғастырыңыз және маңдайда аяқтаңыз.
•
Шаш түзулегішті пайдаланғанда, ол қызып немесе суып жатқанда, тегіс және қызуға
төзімде бетке қойыңыз.
•
Шашты түзулеу кезінде тақталарды беттің сезімтал бөліктеріне, құлақтарға, мойынға
немесе теріге тым жақын әкелмеңіз.
•
Аяқтағанда түзулегішті ары алу алдында толығымен салқындатыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ШАШТЫ ДАЙЫНДАУ
•
Шашты әдеттегідей жуыңыз және түйіндерді кетіру үшін тараңыз.
•
Шашты кептіріңіз және түбірлерінен ұштарына қарай щеткалаңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
•
Ашаны (4) желіге қосыңыз.
•
түймесін (5) басыңыз. ЖШД дисплейі (1) жанады.
•
Шаш түріне және қажет әсерге байланысты 150°C және 230°C арасында қажет
температураны таңдаңыз; температураны кез келген уақытта + немесе - (6) түймесін
басу арқылы реттеуге болады.
•
Қажет температураны таңдағаннан кейін түйме құлпын
түймесін (5) екі рет
жылдам басу арқылы белсендіруге болады. Бұл функция түзулегішті пайдалану
кезіндегі температураның кенет өзгерістерін болдырмайды. Түйме құлпын
белсендіру ЖШД (2) қосылуымен көрсетіледі; құлыпты түймесін (5) қайтадан екі
рет басу арқылы өшіруге болады.
•
ЖШД дисплейі (1) тақталар орнатылған температураға жеткенше жыпылықтайды.
•
Температураға жеткенде ЖШД дисплейі (1) қосулы қалады.
•
Тақта енімен бірдей және тым көлемді емес жұқа шаш бұрымын алып, екі тақта
арасына қойыңыз.
•
Шаш бұрымын бір қолмен қатты ұстап тұрып, жабылған тақтаны екінші қолмен
түптерден ұштарға қарай сырғытыңыз.
•
Түзулегішті пайдаланып жетуге болатын көптеген әдістерді және әсерлерді табу
үшін оңай мәнерлеу нұсқаулығын қараңыз.
•
Шаш мәнерленгеннен кейін түймесін (5) басып тұру арқылы құрылғыны өшіріңіз
және құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түзулеу кезінде бу пайда болуы мүмкін; бұл шаштағы буланып жатқан
артық ылғалдылық.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШІРУ
Түзулегіш қосқаннан 1 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
ТАЗАЛАУ
•
түймесін (5) басу арқылы құрылғыны өшіріңіз және ашаны (4) розеткадан
ажыратыңыз
•
Тақталардың (7) салқындауын күтіңіз
•
Тақталардың (7) бетін және тұтқаны жұмсақ, ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
KK