82
8. АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
8.1. КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСПАС БҰРЫН…
Өз бетіңізбен анықтап, ешбір құралсыз түзете алатын шағын мәселелер өнімділік ақаулықтарын жиі
тудыруы мүмкін.
ПРОБЛЕМА
ШЕШІМІ
Құрылғы жұмыс істемейді:
• Қуат кабелінің кернеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға
қосылған ба?
• Үйіңіздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары мен
сақтандырғыштарын тексердіңіз бе?
Еріту поддонында су бар болса:
• Бұл ыстық, дымқыл ауа райы кезінде қалыпты болып
табылады. Поддон, тіпті, жартылай толы болуы мүмкін.
Құрылғының су төгілмейтіндей, бір деңгейде еңкеюсіз
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер есік тығыздатқышымен
жанасатын құрылғы корпусының
шеттері жылы болса:
• Бұл жағдай ыстық ауа райында және компрессор жұмыс
істеп тұрғанда қалыпты болып табылады..
Шам жұмыс істемейді:
• Үйіңіздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары мен
сақтандырғыштарын тексердіңіз бе?
• Қуат кабелінің кернеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға
қосылған ба?
• Жарық диодтар зақымдалған жағдайда оны тек сатудан
кейінгі көрсетілетін қызметті көрсету бөлімінде немесе
өкілетті дилерде ғана сатылатын бөлшекпен ауыстыру үшін
пайдаланушы Қызмет көрсету орталығына хабарласуы тиіс.
Егер мотордың тым көп жұмыс
істеп тұрғаны байқалса:
• Мотордың жұмыс істеу уақыты түрлі жағдайларға
байланысты: есіктің ашылу жиілігі, сақталған тағамның
мөлшері, бөлмедегі температура, температураны басқару
құралдарының параметрі.
• Конденсаторда (құрылғының артқы жағы) шаң немесе мамық
жиналмаған ба?
• Есік тиісінше жабылған ба?
• Есік тығыздатқыштары тиісінше орнатылған ба?
• Ыстық күндері немесе бөлме жылы болғанда мотор
әдеттегідей ұзағырақ жұмыс істейді.
• Құрылғы есігі біраз уақытқа ашық қалдырылса немесе
тағамның үлкен көлемі сақталса, құрылғының ішкі бөлігін
салқындату үшін, мотор ұзағырақ уақыт бойы жұмыс істейді.
Құрылғы температурасы тым
жоғары болса:
• Құрылғының басқару элементтері дұрыс орнатылды ма?
• Құрылғыға тағамның көп мөлшері салынды ма?
• Есіктің жиі ашылмайтынын тексеріңіз.
• Есіктің тиісті түрде жабылғанын тексеріңіз.
Егер есіктер тиісті түрде
ашылмаса және жабылмаса:
• Тағам орамдарының есікті тіремейтінін тексеріңіз.
• Ішкі бөлшектер немесе автоматты мұз генераторы
орындарында екенін тексеріңіз.
• Есік тығыздатқыштары кір немесе жабысқақ еместігін
тексеріңіз.
• Құрылғының тегіс тұрғанына көз жеткізіңіз.
8.2. АҚАУЛЫҚТАР
Кез келген ақаулық орын алып, жарық диод индикаторы жыпылықтай бастаған кезде, қызмет көрсету
орталығына хабарласу қажет. Құрылғы ішіндегі тағамды сақтап жұмыс істейді.
Ескертпе:
Қуат іркілісі орын алған жағдайда, құрылғы қалыпты әрекет режиміне оралады және алдында
таңдалған температураның орнатылған мәні қалпына келеді.
Содержание SH8 1Q XRFD 1
Страница 2: ......
Страница 132: ...132 1 2 3 4 5 6a 6b A Others REVERSE DOOR SWING ...
Страница 133: ...133 7 8 9 10 6a 6b ...
Страница 134: ......
Страница 135: ......
Страница 136: ...07 18 400011288948 GB FR DE NL ES IT CS BG HU PL KZ RO SL RU AR UK ...