79
3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. ЕСКЕРТПЕЛЕР
• Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы
қабырғада) тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
• Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып
алынатын себеттерді алуға болады.
• Құрылғының ішкі температураларына қоршаған
орта температурасы, есік ашудың жиілігі
және құрылғының орналасқан орны әсер етуі
мүмкін. Температураны орнату кезінде осы
факторларды ескеру қажет.
• Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-
жарақтарын ыдыс жуу машинасында жууға
болмайды.
4. ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және
консервіленген тағамды, сүт өнімдері, жеміс және
көкөністер мен сусындарды сақтау үшін ыңғайлы
орын.
4.1. АУА ЖЕЛДЕТКІШІ
• Тоңазытқыш бөлімшенің ішіндегі ауаның
өздігінен айналуы түрлі температуралы
аймақтардың түзілуіне әкеледі. Жеміс және
көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы
қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы
алдыңғы жағы аса жылы.
• Желдетудің жеткіліксіздігі қуат тұтыну көлемінің
артуына және тоңазытқыштың жұмысының
нашарлауына әкеледі.
4.2. ЖАС ТАҒАМ МЕН СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ
• Қайта өңдеуге болатын пластик, металл,
алюминий және шыны ыдысты, сондай-ақ
тағамды орау үшін ас үлдірін пайдаланыңыз.
• Иіс шығаруы немесе иістен бүлінуі не иісті беруі
мүмкін сұйық заттар мен тағам үшін әрқашан
да жабық ыдысты пайдаланыңыз немесе бетін
жабыңыз.
• Этилен газын көп мөлшерде шығаратын
тағамды және осы газға сезімтал жеміс,
көкөніс пен салат сияқты тағамдарды сақтау
мерзімі қысқармауы үшін оларды бөлек қою
немесе орау керек; мысалы, қызанақтарды
киви жемісімен және орамжапырақпен бірге
сақтамаңыз.
• Жеткілікті ауа айналымын қамтамасыз ету үшін
тағамды бір-біріне тым жақын сақтамаңыз.
• Шөлмектердің төңкеріліп кетуін болдырмау үшін
бөтелке ұстағышты (бөлектелген үлгілерде бар)
пайдалануға болады.
• Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс-жидек пен көкөніске
арналған тартпаның үстіндегі сөрені
пайдалануды ұсынамыз, себебі ол - бөлімшедегі
ең суық аймақ.
4.3. ЖАС ТАҒАМ МЕН СУСЫНДАРДЫ
САҚТАЙТЫН ОРЫН
• Тоңазытқыш сөрелерінде: дайын тамақ,
тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
• Жеміс-жидек пен көкөніс тартпасында: жеміс,
салат, көкөніс.
• Есікте: сары май, тосап, тұздық, консервілер,
шөлмектер, қораптағы сусындар, жұмыртқа
ТАҒАМДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ МЫСАЛЫ
Тропик
жемістері
Ірімшік, таңсық
тағамдар,
дайын тағамдар
Жеміс-жидек,
салат, Көкөніс
Сары май, тосап
Тосап, қатық,
тұздықталған
қияр,
консервілер
Шөлмектер
Жұмыртқа
Шөлмектер,
Қораптағы сусындар
Содержание SH8 1Q XRFD 1
Страница 2: ......
Страница 132: ...132 1 2 3 4 5 6a 6b A Others REVERSE DOOR SWING ...
Страница 133: ...133 7 8 9 10 6a 6b ...
Страница 134: ......
Страница 135: ......
Страница 136: ...07 18 400011288948 GB FR DE NL ES IT CS BG HU PL KZ RO SL RU AR UK ...