kk
205
7.7 Бұранда бұрағыш режимінде жұмыс істеу
7.7.1 Биталарға арналған адаптерлерді орнату /
биталарды орнату
1. Оңға/солға айналу ауыстырып қосқышын ортаңғы күйге
өткізіңіз немесе аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
2. Тез қысу қысқысын ашыңыз.
3. Биталарға арналған адаптерді тез қысу қысқысына орнаты-
ңыз және оны бекемдеңіз.
4. Биталарға арналған адаптерді тартып, патронда берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
5. Битаны биталарға арналған адаптерге салыңыз.
7.7.2 Бұранда бұрағыш режимінде жұмыс істеу
1. Айналу моментін және бұрғылау сақинасында «Айналу
моменті» функциясын таңдаңыз.
2. Оңға/солға айналу ауыстырып қосқышының көмегімен
қажетті бағытты таңдаңыз.
7.7.3 Биталарды / биталарға арналған адаптерді алу
1. Оңға/солға айналу ауыстырып қосқышын ортаңғы күйге
өткізіңіз немесе аспапты аккумулятордан ажыратыңыз.
2. Битаны биталарға арналған адаптерден алыңыз.
3. Тез қысу қысқысын ашыңыз.
4. Биталарға арналған адаптерді алыңыз.
7.8 Литий-иондық аккумулятордың зарядталу
индикаторының көрсеткіштерін тексеру
6
НҰСҚАУ
Жұмыс кезінде зарядталу деңгейі индикациясын шақыру
мүмкін емес. № 1 жарық диоды аккумулятор толығымен
разрядталған немесе қызып кеткен (температура >80°C)
жағдайда жыпылықтайды. Мұндай жағдайда аккумуляторды
зарядтағыш құрылғыға қосу керек.
Литий-иондық аккумулятор зарядталу деңгейі индикаторымен
жабдықталған.
Зарядтау барысы зарядталу деңгейі
индикаторында көрсетіледі (зарядтағыш құрылғыны пайдалану
бойынша нұсқаулықты қараңыз).
Жұмыс істемей тұрған
күйде аккумулятордың зарядталу деңгейі үш секунд бойы
аккумулятордағы бұғаттау түймелерінің біреуін басқаннан
кейін немесе аккумуляторды аспапқа орнатқаннан кейін
жанатын төрт жарық диодтарының көмегімен көрсетіледі.
8 Күту және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты тазалауды бастау алдында кездейсоқ қосылуды
болдырмау үшін аккумуляторды алыңыз!
8.1 Аспапты күту
Аспапты ластанулардан тазалаңыз және аспаптардың бетін
коррозиядан қорғаңыз.
Бұл үшін тиісті жерлерді майға
малынған матамен сүртіп шығу керек.
8.2 Аспапты күту
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ
күйде, май мен майлайтын майдың іздерінсіз сақтаңыз.
Құрамында силикон бар тазалағыш заттарды қолдануға
тыйым салынады.
Аспаптың сыртқы корпусы соққыға төзімді пластмассадан
жасалған. Корпустағы қаптама эластомерден жасалған.
Жұмыс істегенде корпус қақпағындағы ойықтарды жаппаңыз!
Желдету ойығын құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспап корпу-
сының ішіне бөгде заттар түспеуін қадағалаңыз. Аспаптың
сыртқы бетін тұрақты түрде ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
Су бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын пайдалануға
тыйым салынады! Мұндай заттармен тазалағанда аспаптың
электр қауіпсіздігі бұзылады.
8.3 Литий-иондық аккумуляторларды күту
Ылғалдың тиюін болдырмаңыз.
Бірінші рет іске қосу алдында аккумуляторды толығымен
зарядтаңыз.
Printed: 30.09.2013 | Doc-Nr: PUB / 5152675 / 000 / 01