kk
201
f)
Аспап тиісті нұсқау алусыз балалардың немесе денесі
әлсіреген тұлғалардың пайдалануына арналмаған.
g)
Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым салынғаны
туралы білуі керек.
h) Құрамында қорғасын бар материалдарды, ағаштың кейбір
түрлерін, минералдарды және металлдарды өңдеу кезінде
пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін.
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған
тию аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу
жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты
өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп
есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу үшін қолданылатын
қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы,
ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында асбест
бар материалдарды өңдеуді тек мамандар орындауы
керек.
Мүмкін болса жарамды шаңсорғыш аппаратты
қолданыңыз.
Шаңды оптималды кетіру үшін бұл
электр құралды Hilti компаниясы ағаш үгінділерін
және/немесе минералдық шаңды тазалау үшін
ұсынылған тиісті тасымалданатын шаңсорғышпен
тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс аймағының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз. P2 класты сүзгісі бар
респираторды кию ұсынылады. Материалдарды өңдеу
бойынша күшіндегі ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
5.3.2 Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны
дұрыс пайдалану
a)
Затты берік бекітіңіз. Затты бекіту үшін струбциналарды
немесе қыспақтарды қолданыңыз.
Бұл оны қолмен ұстап
тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен
ұстауға болады.
b)
Аспапта қысқыға сай соңдары бар екеніне және
қысқыда берік бекітілетініне көз жеткізіңіз.
c)
Үлкен, салмалы құралдарды тек бірінші берілісте
пайдалануға рұқсат етіледі.
Әйтпесе өшкен кезде
жабдық зақымдалуы немесе жағымсыз жағдайларда
патрон әлсіреуі мүмкін.
5.3.3 Аккумулятормен ұқыпты жұмыс істеу және оны
дұрыс пайдалану
a)
Аккумуляторды орнату алдында аспап өшірілген
бе, соны тексеріңіз.
Қосылған электр аспабына
аккумуляторды орнату ауыр жазымдарға әкелуі мүмкін.
b)
Аккумуляторларды от және жоғары температура
көздерінен алыста сақтаңыз.
Жарылыс қаупі бар.
c)
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80˚С-тан
жоғары температураға дейін қыздыруға немесе
аккумуляторларды жағуға тыйым салынады.
Өрт,
жарылыс немесе күйік қаупі бар.
d)
Аккумулятор ішіне ылғал кіруін болдырмаңыз, әйтпесе
қысқа тұйықталу орын алуы мүмкін.
Қысқа тұйықталу
күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
e)
Тиісті аспаппен бірге пайдалануға рұқсат етілгеннен
басқа
ешбір
аккумуляторларды
пайдаланбаңыз.
Басқа
аккумуляторларды
пайдаланғанда
немесе
аккумуляторларды
басқа
мақсаттарда
пайдаланған
жағдайда жарылыс қаупі болады.
f)
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау
және пайдалану бойынша арнайы директивалардың
талаптарын орындаңыз.
g)
Аспапты тасымалдауды тек аккумулятор шығарылған
түрде орындалуы керек.
h)
Аккумуляторда қысқа тұйықталудың орын алуын
болдырмаңыз.
Аккумуляторды аспапқа орнату
алдында аккумулятордағы контакттарда және аспапта
ластанулар жоқ екенін тексеріңіз.
Аккумулятор
контакттары қысқа тұйықталған жағдайда өрт, жарылыс
және ойып түсетін заттардан күйік алу қаупі бар.
i)
Зақымдалған аккумуляторларды (мысалы, сызаттары
бар,
бөліктері
сынған,
контакттары
бүгілген
және/немесе созылған аккумуляторларды) зарядтауға
және қайта қолдануға тыйым салынады.
j) Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, оның
ақаулығы болуы мүмкін.
Құрылғыны тұтану қаупі
жоқ орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны
бақылауға болатындай қойыңыз және оны сууға
Printed: 30.09.2013 | Doc-Nr: PUB / 5152675 / 000 / 01