ақаулықтарға әкелуі мүмкін. Әрқашан тек Hilti
фирмасының аэрозольдық майын пайдаланыңыз.
8.2.1 Піспекті тексеру, піспекті/тоқтатқыш
сақинаны ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспаптан патрондар шығарылған болуы керек.
Шегелер қорабы бос болуы керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты қолданғаннан кейін оның бөлшектері өте
ыстық болуы мүмкін.
Суымаған аспаппен төменде
сипатталған жұмыстарды орындау алдында
міндетті түрде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
НҰСҚАУ
Құрастыру сериясын дұрыс емес орындау піспек
пен тоқтатқыш сақинаның тозуына әкеледі. Піспектің
тоқтатқышта қатты сыналануы осы бөлшектердің
қызмет көрсету мерзімінің аяқталғанын көрсетеді.
НҰСҚАУ
Піспекті және піспек тоқтатқышын тексеруді тұрақты
түрде, күніне бір реттен кем емес өткізу керек.
НҰСҚАУ
Піспекті және оның тоқтатқышын ауыстыру үшін тек
шегелер қорабын немесе бекіту бағыттауышын бұрап
алу қажет. Піспек бағыттауышын алуға тыйым салы-
нады
1. Бекіту бағыттауышын (немесе шегелер қорабын)
бұрап алыңыз.
2. Піспекті піспек бағыттауышынан шығарыңыз.
3. Піспекте зақымдар бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымдарды тапқанда піспекті және піспек
тоқтатқышын ауыстырыңыз. Тоқтатқыш сақинада
эластомерде тозу іздері бар-жоғын тексеріңіз
НҰСҚАУ
Деформация жоқ екенін тексеру үшін
піспекті тегіс бетте айналдырып көріңіз. Тозған
піспектерді қолданбаңыз. Піспекке ешқандай
өзгертулер жасамаңыз.
НҰСҚАУ
Егер тоқтатқыш сақинаның жоғарғы
сақинасы төменгі сақинаға қатысты аздап
айналып кетсе, тоқтатқыш сақинада майлайтын
май жоқ және оны ауыстыру керек.
4. Піспекті ауыстыру керек екені анықталса,
бекіту бағыттауышынан (қажет болғанда өзіңізге
піспекпен көмектесіп) піспек тоқтатқышын да
шығарыңыз.
5. Піспек тоқтатқышын дұрыс жағымен (резеңке
жағымен алға) бекіту бағыттауышына (немесе
шегелер қорабына) салыңыз.
НҰСҚАУ
Піспек тоқтатқышының тесігіне Hilti
спрейін бүркіңіз.
НҰСҚАУ
HVB бекіту бағыттауышы стандартты X-
76-PB-PTR тоқтатқыш сақинасының орнына X-
76-PS түріне жататын тоқтатқыш сақинамен жаб-
дықталған.
6. Піспекті аспап ішіндегі піспек бағыттауышына
салыңыз.
7. Бекіту бағыттауышын (немесе шегелер қорабын)
піспек бағыттауышына тірелгенше бұраңыз.
8. Бір рет затвор тұтқышын қайта басыңыз.
8.2.2 Піспек бағыттауышын тазалау
9 19 20 21 22
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспаптан патрондар шығарылған болуы керек.
Шегелер қорабы бос болуы керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты қолданғаннан кейін оның бөлшектері өте
ыстық болуы мүмкін.
Суымаған аспаппен төменде
сипатталған жұмыстарды орындау алдында
міндетті түрде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
1. Затвор тұтқышы бастапқы күйде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
2. Шегелер қорабын (немесе бекіту бағыттауышын)
бұрап алыңыз.
3. Піспекті
бағыттауыштан
және
тоқтатқыш
сақинаны шегелер қорабынан (немесе бекіту
бағыттауышан) шығарыңыз.
4.
АБАЙЛАҢЫЗ Аспап міндетті түрде жоғары
қаратылған болуы керек, әйтпесе піспек
бағыттауышы түсіп қалуы мүмкін.
Піспек бағыттауышы демонтажына арналған
иінтіректі қайырыңыз.
5. Піспек бағыттауышын аспаптан шығарыңыз.
НҰСҚАУ
Піспек бағыттауышын бөлшектеуге
болмайды.
6. Піспек бағыттауышы орнатылатын ұяны тазала-
ңыз.
7. Үлкен щеткамен піспек бағыттауышының ішін
және сыртын тазалаңыз.
8. Шағын қыл щеткамен оқтықты және жанында
орналасқан реттеу штифтіне арналған тесікті та-
залаңыз.
9. Сырғақ пен қамытқа Hilti аэрозольдық майын
себіңіз.
10. Аспаптың болат бөлшектеріне Hilti аэрозольдық
майын себіңіз.
НҰСҚАУ
Басқа майларды қолдану резеңке
бөлшектердің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
11. Затвор тұтқышы бастапқы күйде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
12. Піспек бағыттауышын аспапқа салыңыз.
13. Оны аздап басыңыз және қайырылған иінтіректі
басыңыз.
НҰСҚАУ
Иінтірек піспек бағыттауышы басылған
кезде (бірнеше мм-ге) ғана басылады. Егер
иінтіректі басу мүмкін болмаса, «Ақаулықтарды
жою» 9-тарауын қараңыз.
14. Піспек бағыттауышын аспапқа салыңыз, оны
аздап басыңыз және қайырылған иінтіректі
басыңыз.
15. Піспекті бекіту бағыттауышына (немесе шегелер
қорабына) салыңыз.
16. Тоқтатқыш сақинаны орнатыңыз.
17. Бекіту бағыттауышын (немесе шегелер қорабын)
піспек бағыттауышына тірелгенше бұраңыз.
kk
214
Printed: 30.05.2016 | Doc-Nr: PUB / 5069849 / 000 / 04