жай аты және жүйелік тексеру нөмірі картридж
орамасында басылған.
Төмендегі мекенжайда орама мысалын қараңыз:
www.hilti.com/dx-cartridges
1.1.2 Адамдардың қауіпсіздігі
a)
Ұқыпты болыңыз! Орындап жатқан әрекетке
көңіл бөліңіз. Жұмыс істеуге ойланып қараңыз.
Аспапты шаршап тұрған күйде немесе
есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінің
астында болсаңыз пайдаланбаңыз.
Аспаппен
жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
b)
Қолайсыз қалыптарда жұмыс істемеңіз. Үнемі
тұрақты күйді және тепе-теңдікті сақтаңыз.
c)
Аспапты өзіңізге немесе басқа адамдарға
бағыттамаңыз.
d)
Аспапты өзіңізге және басқа адамдарға
баспаңыз (мысалы, қолға).
e)
Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе
балалардың болуына тыйым салынады.
f)
Аспапты іске қосу сәтінде қолдарды созып
емес, бүгіп ұстаңыз.
1.1.3 Электр құралына күтіммен қарау және оны
дұрыс пайдалану
a)
Жұмыста қолайлы аспапты қолданыңыз. Оны
тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс
күйінде пайдаланыңыз.
b)
Құралды жұмыс бетіне түзу бұрыштың астында
қысыңыз.
c)
Зарядталған аспапты ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз.
d)
Аспапты тазалауды немесе оны күту бойынша
басқа шараларды жүргізбес бұрын, сондай-
ақ, оны сақтауға жібермес бұрын, әрқашан
разрядтаңыз.
e)
Аспапты оқталмаған күйде сақтау керек.
Сақтау орны құрғақ, балалар жетпейтін,
жоғары орналасқан немесе құлыпталатын
болуы керек.
f)
Аспапта зақымдар жоқ екенін тексеріңіз.
Аспапты әр пайдалану алдында қорғауыш
құралдардың
және
оңай
зақымдалатын
бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін
мұқият тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде
зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Олар
сыналануларсыз,
еркін қозғалуы керек.
Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және
аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін
барлық шарттарға сай болуы керек. Зақымдал-
ған қорғауыш құралдарды және бөлшектерді
осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар болмаса,
арнайы сервис орталығында жөндеу немесе
ауыстыру керек.
g)
Пистолеттің тартпасына тек аспап негізге
басылған кезде басыңыз.
h)
Әрқашан аспапты берік және негізге тік
бұрышпен ұстаңыз. Бұл бекіту элементін
шетке әкету қаупін азайтады.
i)
Бекіту элементін екінші атумен соңына дейін
қағу әрекеттерін жасамаңыз. Бұл бекіту
элементінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
j)
Hilti ұсынатын жағдайларды қоспағанда, бекіту
элементтерін дайын тесіктерге қақпаңыз.
k)
Әрқашан пайдалану бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
l)
Мүмкіндігінше қорғауыш экрандарды пайдала-
ныңыз.
m) l
Қорапты артқа қолмен тартпаңыз, әйтпесе
аспап дайын күйге келтірілуі мүмкін. Бұл ретте
өзіңізге кездейсоқ ату қаупі бар.
1.1.4 Жұмыс орны
a)
Жұмыс орнына жақсы жарық түсіруді қамта-
масыз етіңіз.
b)
Құралды тек жақсы желдетілетін бөлмеде пай-
даланыңыз.
c)
Бекіту
элементтерін
жарамсыз
негізге
қақпаңыз:
тым қатты материалға, мысалы,
болатқа және болат құймаға; тым жұмсақ
материалға, мысалы, ағашқа және гипсокартонға;
тым сынғыш материалға, мысалы, терезеге
және керамика плиткаға. Мұндай материалдарға
қаққанда, бекіту элементі сынуы, материалды
бұзуы немесе тесіп өтуі мүмкін.
d)
Шегелерді
әйнекке,
мәрмәрға,
пластмассаға,
қолаға,
жезге,
мысқа,
тасқа, изоляциялаушы материалдарға, қуыс
кірпішке, керамочерепицаға, жұқа жапырақ
металға ( 2,7 мм), шойынға және газобетонға
қақпаңыз.
e)
Шегелерді қағу алдында жұмыс бетінің
артында немесе оның астында адамдардың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
f)
Жұмыс
орнында
тәртіпті
сақтаңыз.
Жұмыстарды өткізу орнында жарақаттану
мүмкін
заттар
болмауы
керек.
Жұмыс
орнындағы
ретсіздік
жарақаттану
қаупін
арттырады.
g)
Тұтқыштарды таза, құрғақ, май іздерінсіз
ұстаңыз.
h)
Ашық ауадағы жұмыстар кезінде табаны
сырғымайтын аяқ киімді кию ұсынылады.
i) l
Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Аспапта
конденсаттың пайда болуын болдырмаңыз,
онымен ылғалды және дымқыл бөлмелерде
жұмыстарды өткізбеңіз. Аспапты өрт немесе
жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
kk
204
Printed: 30.05.2016 | Doc-Nr: PUB / 5069849 / 000 / 04