1.1.5 Механика саласындағы қауіпсіздік
шаралары
a)
Бекіту, піспек және бекіту элементінің дұрыс
тіркесімдерін таңдаңыз.
Дұрыс емес тіркесімді
таңдау аспаптың зақымдалуының және/немесе
бекітудің төмен сапасының себебі болуы мүмкін.
b)
Аспаппен бірге тек рұқсат етілген бекіту
элементтерін қолданыңыз.
c)
Аспапқа дұрыс емес орнатылған болса,
қорапқа
шегелерді
салмаңыз.
Шегелер
аспаптан лақтырылуы мүмкін.
d)
Тозған тоқтатқыш сақинаны қолданбаңыз.
Піспекке ешқандай өзгертулер жасамаңыз.
1.1.6 Күйіктерден қорғау шаралары
a)
Аспап қызып кетсе, оны суытыңыз. Ең жоғары
рұқсат
етілген
жұмыс
жылдамдығынан
асырмаңыз.
b)
Суымаған
аспапқа
қатысты
төменде
сипатталған профилактикалық жұмыстарды
өткізу
қажет
болғанда
міндетті
түрде
қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
c)
Патрондар бар пластмасса таспа ери бастаса,
дереу аспаппен жұмысты тоқтатыңыз және
оны суытыңыз.
1.1.7 Жарылыс қаупі
a)
Аспаппен тек рұқсат етілген патрондарды қол-
даныңыз.
b)
Аспаптан патрондар бар таспаны алғанда, сақ
болыңыз.
c)
Патронды таспадан немесе аспаптан күшпен
алып тастауға тырыспаңыз.
d)
Қолданылмаған патрондарды құрғақ, балалар
жетпейтін,
жоғары
орналасқан
немесе
құлыпталған жерде сақтау керек.
1.1.8 Жеке қорғану құралдары
Жұмыс істеп жатқан адам және тікелей жанында
орналасқан басқа тұлғалар әрқашан қорғауыш
көзілдірікті, касканы, қорғауыш құлаққапты және
қорғауыш қолғаптарды киюі керек.
2 Жалпы ақпарат
2.1 Шартты белгілер және олардың мәні
ҚАУІПТІ
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп
төндіруі мүмкін тікелей жағдайдың жалпы белгіленуі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп
төндіруі мүмкін ықтимал жағдайдың жалпы белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына
әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
НҰСҚАУ
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа
пайдалы ақпарат.
2.2 Пиктограммалардың белгіленуі және басқа
нұсқаулар
Ескертетін белгілер
Жалпы
қауіптілік
туралы
ескерту
Жарылғыш
материалдардың
бар екені
туралы
ескерту
Ыстық бет
туралы
ескерту
kk
205
Printed: 30.05.2016 | Doc-Nr: PUB / 5069849 / 000 / 04