200
Қазақ
6 Қызмет көрсету
6.1 Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар!
Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶
Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны
тартып шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.2 Бүйірлік тұтқышты орнату
▶
Бүйірлік тұтқышты алдын ала белгіленген бұрандалы төлкеге бұрап бекітіңіз.
6.3 Қорғауыш қаптаманы орнату
Нұсқау
Қаптамадағы арнайы жалғастырғыш тек сай келетін қорғауыш қаптаманы құрастыруға мүмкіндік
береді. Оған қоса жалғастырғыш қорғауыш қаптаманың құралға құлауына жол бермейді.
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғышы бар қорғауыш қаптама шпиндель мойнындағы ойыққа орнатыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге орнатыңыз.
4. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
Нұсқау
Қорғауыш қаптама орнату бұрандасының көмегімен керек диаметрге сай реттеліп қойылған.
Егер қорғауыш қаптама орнатылған кезде қысу тым әлсіз болса, оны орнату бұрандасын
бұрап күшейтуге болады.
6.3.1 Қорғауыш қаптаманың күйін реттеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
6.3.2 Қорғауыш қаптаманы бөлшектеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғыш ойықпен тураланбағанша қорғауыш қаптаманы айналдырыңыз және алып тастаңыз.
6.4 Алмалы-салмалы аспаптар
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі.
Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Нұсқау
Кесу өнімділігі айқын түрде нашарлаған немесе бұрыштық тегістеу машинасының бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс барысында өңделетін материалмен жанасқан жағдайда алмалы-салмалы
аспаптарды алмастыру керек. Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет
болады.
6.4.1 Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Фланецті және жылдам қыспа гайканы тазалаңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
Printed: 27.07.2017 | Doc-Nr: PUB / 5238733 / 000 / 02
Содержание AG 230-20D
Страница 2: ...1 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 3: ...2 3 4 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 271: ...한국어 267 11 제조회사 보증 보증 조건에 관한 질문사항은 Hilti 파트너 지사에 문의하십시오 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 272: ...268 한국어 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 273: ...Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...