Қазақ
197
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
▶
Қол буынын айналатын алмалы-салмалы аспапқа ешқашан жақындатпаңыз.
Қайтарым кезінде
жұмыс аспабы оларға ілінуі мүмкін.
▶
Қайтарым кезінде электр құралдың жылжитын аймаққа түсуін болдырмаңыз.
Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
▶
Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б. өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз. Электр
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз.
Айналатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды жоғалтудың немесе қайтарымның пайда болуының
себебі болады.
Тегістеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:
▶
Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз.
Бұл электр құралға арналмаған абразивті дискілер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс істейді.
▶
Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары қорғауыш қаптама шетінен шықпайтын етіп
орнату керек.
Қате орнатылған тегістеу дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса жетерлік
ретте қапталмайды.
▶
Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары қорғау дәрежесіне реттелуі керек.
Қорғауыш
қаптама операторды сынықтардан, киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу
нысандарына кездейсоқ тиюден қорғауға көмектеседі.
▶
Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді кесу дискісінің
бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады.
Кесу дискілері материалды диск жиегімен алуға
арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы мүмкін.
▶
Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз.
Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және оның
сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу дискілерінің
қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶
Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз.
Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
▶
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар бояулар,
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
▶
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶
Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Printed: 27.07.2017 | Doc-Nr: PUB / 5238733 / 000 / 02
Содержание AG 230-20D
Страница 2: ...1 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 3: ...2 3 4 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 271: ...한국어 267 11 제조회사 보증 보증 조건에 관한 질문사항은 Hilti 파트너 지사에 문의하십시오 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 272: ...268 한국어 Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...
Страница 273: ...Printed 27 07 2017 Doc Nr PUB 5238733 000 02 ...