![COOLFORT CF-0835 B Скачать руководство пользователя страница 13](http://html1.mh-extra.com/html/coolfort/cf-0835-b/cf-0835-b_manual-instruction_2661053013.webp)
ҚАЗАҚ
13
CF-0835 B ТЕРМОЭЛЕКТРЛІ ТОҢАЗЫТҚЫШ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Coolfort фирмасының өнімін сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен жете танысып шығыңыз жəне тоңазытқышты нұсқаулыққа сəйкес пайдалануға
тырысыңыз. Осы нұсқаулықтықты сақтап қойыңыз.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Пельтье элементтерін пайдалану арқылы термоэлектрлі технологияны қолдануға негізделген
тоңазытқыш – жүргізушілер мен спортшылар үшін ең жақсы таңдау. Сіз серуендеу, қала
сыртына шығу, саяхат кезінде, сонымен қатар жолда туындаған автомобиль тығындары
кезінде салқындатылған сусындарды ішіп, рахаттана аласыз, ал қысқы мезгілде өнімдердің
температурасын сақтау функциясы сіздің көңіліңізден шығады. Бірегей қорек тоңазытқыштың
автомобильдегі тұрақты ток желісінен (DC 12 В) жұмыс істеуін жəне айнымалы ток желісінен (AC
220-240 B) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
СИПАТТАМАСЫ
Тоңазытқышқа мұздатылған өнімдерді немесе салқындатылған сусындарды салған дұрыс,
сонда олар ұзақ уақыт бойы суық күйде сақталады. Бөлме температурасындағы өнімдерді жəне
сусындарды суыту үшін 2-3 сағат қажет болады. Қатты жылы өнімдерді жəне сусындарды суыту
үшін біршама уақыт қажет болады.
Аспап суық өнімдерді қыздыру үшін емес, өнімдердің температурасын сақтау үшін арналған.
Əрине, суық өнімдер де жылынуы мүмкін, бірақ ол үшін біршама көп уақыт қажет. Ыстық өнімдер
аспапты өшіргеннен кейін де бірнеше сағат бойы өзінің температурасын сақтайды.
Аспап жұмыс істеу кезінде шуыл деңгейін нөлге дейін азайтуға мүмкіндік беретін технологияны
пайдалану арқылы жасалған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Тасымалдауға арналған бірегей сап
2. Суыту
торы
3. Басқару панелінің қақпағы
4. Жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқыш (HOT/OFF/ COLD)
5. АКБ разрядталудан қорғауды қосу (ON/OFF)
6. АКБ разрядталудан қорғау индикаторы (LOW BAT.)
7. Қыздыру режимін қосу индикаторы (HOT)
8. Суыту режимін қосу индикаторы (COLD)
9. Қорек сымын автомобильге қосу ұяшығы (12 В)
10. Қорек сымын желіге қосу ұяшығы (220 В)
11. Дөңгелек қақпақ
12. Шектеу сымы
13. Қақпақ
14. Тасымалдауға арналған сап
15. Қақпақ ілгіші
16. Корпус
17. Дөңгелектер
18. Тұрақты ток көзінің қорек сымы
19. Айнымалы ток желісінің қорек сымы
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Автомобильде пайдалану
- тұрақты ток көзінің қорек сымын (18) автомобильдегі темекі тұтандырғыштың ұяшығына (9)
жəне штекеріне салыңыз.
- аккумуляторлық батареяны қорғауды қосу үшін ауыстырыпқосқышты (5) (ON) жағдайына
ауыстырыңыз.
CF-0835.indd 13
CF-0835.indd 13
25.12.2006 15:01:29
25.12.2006 15:01:29