38
39
KZ
KZ
•
Алдын-ала бекіткішке (3) басып, телескопиялық
түтіктің (4) төменгі бөлігін қажетті ұзындыққа шыға-
рыңыз (сур. 2).
•
Қажетті қондырманы – еденге/кілем жабындыла-
рына арналған қылшақты (1), құрамдастырылған
саңылаулық қондырманы (26) немесе паркет/
ламинат қондырмасын (27) таңдаңыз және оны
телескопиялық ұзартқыш түтікке (4) қосыңыз.
•
Құрамдастырылған қондырманы (26) иілгіш құбыр-
шектің (5) сабына қосуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
•
Шаңсорғышты аэрозольдар пайдаланылатын
немесе шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұта-
натын сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында шаңсорғышты пайдалануға тыйым
салынады.
•
Шаңсорғыш суды немесе кез келген басқа сұй-
ықтықтарды жинауға арналмаған, жанып жатқан
немесе түтіндеп жатқан темекіні, бықсыған күлді
жинауға тыйым салынады.
•
Сылақтың, бетонның, ұнның немесе күлдің шаңын
жинауға тыйым салынады.
•
Жинауды бастамас бұрын еденнен құрылғының
бүлінуіне жол бермеу үшін, үшкір заттарды алып
тастаңыз.
•
Егер жинау кезінде шаңсорғыштың сору қуаты
күрт төмендесе, оны дереу өшіріңіз және электр
розеткасынан қуаттандыру бауының ашасын суы-
рыңыз, телескопиялық түтікті (4) немесе құбыршекті
(7) қоқыстануына қатысты тексеріңіз, қоқыстарды
тазалаңыз, содан кейін ғана жинауды жалғастыруға
болады.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
•
Шаңжинағыш-контейнерге (11) кіретін ауадан шаң
мен қоқысты елеп отыратын циклондық сүзгі (20)
орнатылған, ал кіру HEPA-сүзгісі (19) ең соңында ең
кішкене шаң бөлшектерін біржола ұстап қалады.
Ескертпе:
әрқашан HEPA-сүзгінің (19) тазалығын
қадағалаңыз, себебі шаңсорғыш жұмысының тиімділігі
осыған байланысты болады.
Назар аударыңыз!
Шаңсорғышты қосу және пайдалану алдында НЕ-
РА-сүзгіні (19), сепараторды (20), шаңжинағыш-кон-
тейнерді (11), сондай-ақ шығу сүзгісінің (17) дұрыс
орнатылуын тексеріңіз.
•
Қуаттандыру бауының ашасын ұстаңыз және
қуаттандыру бауын қажетті ұзындыққа тартыңыз,
қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
•
Желі бауындағы сары белгі желі бауының макси-
малды ұзындығы екенін ескертеді. Қуаттандыру
бауын қызыл белгіден артыққа тартуға тыйым
салынады.
•
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/өшіру (16) пернесіне
басыңыз.
•
Жинастыру барысында сіз сору қуатын иілгіш құбы-
ршектің сабында (5) орналасқан, сору қуатының қол
реттегіші (6) көмегімен реттей аласыз (сур. 3).
•
Жинау аяқталғаннан кейін шаңсорғышты өшіріңіз,
қосу/өшіру (16) пернесін басып, электр розетка-
сынан қуаттандыру бауының ашасын шығарыңыз.
•
Желі бауын орау үшін пернеге (14) басыңыз,
қуаттандыру бауының оралуы кезінде оны ұстап
отырыңыз.
•
Егер жинау кезінде үзіліс жасау қажет болса,
шаңсорғышты пернесін (16) басу арқылы өшіріңіз,
қылшақты (1) қылшақ «тұрағы» (15) орнына қой-
ыңыз (сур. 4).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қондырмаларды ауыстыру немесе шаңжи
-
нағыш-контейнерді (11) тазалау алдында, қосу/
өшіру (16) пернесін басып, шаңсорғышты өшіріңіз,
электр розеткасынан қуаттандыру бауынының
ашасын суырыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Шаңжинағыш-контейнерді (11) тазалау
•
Үй-жайды әр жинастырған сайын шаңжинағыш-кон-
тейнерден (11) қоқыс пен шаңнан тазарту ұсыны-
лады.
•
Қосу/өшіру пернесін (16) басып шаңсорғышты
өшіріңіз және қуаттандыру бауының ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
•
Саптан (12) ұстаңыз, бекіткішке (13) басыңыз және
шаңжинағыш-контейнерді (11) шешіп алыңыз (сур.
5).
•
Шаңжинағыш-контейнерді (11) қоқыс шелегінің үсті-
нен орналастырыңыз.
•
Бекіткішті (24) тартыңыз және төменгі қақпақты (25)
ашыңыз (сур. 6).
•
Шаң мен қоысты шаңжинағыш-контейнердан (11)
жойыңыз.
•
Қақпақты (25) жабыңыз.
•
Шаңжинағыш-контейнерді (11) орнына орнатыңыз,
шаңжинағыш-контейнердің (11) сенімді бекітілуіне
көз жеткізіңіз.
Шаңжинағыш-контейнерде (11) орнатылған НЕ
-
РА-сүзгіні (19), сепараторды (20) тазалау
•
Жоғарыда сипатталғандай, қоқыс пен шаңнан шаң-
жинағыш-контейнерді (11) алдын-ала тазалаңыз.
•
Жоғарғы қақпақтың (22) бекіткішінен (21) тартыңыз
және қақпақты (22) ашыңыз (сур. 7)
•
Сепараторды (20) (сур. 7) шығарып алыңыз, сағат
тілі бағыты бойынша НЕРА-сүзгіні (19) бұраңыз және
оны шығарып алыңыз (сур. 8).
•
Сепаратордан (20) шаң мен қоқысты алып тастаңыз
(сур. 8).
•
Сепараторды (19) жылы су ағыны астында жуып
жіберіңіз және кептіріңіз.
•
НЕРА-сүзгіні (19) жылы су ағыны астында жуып
жіберіңіз және құрғатыңыз (сур. 8).
•
Бөлшектерді жуып жіберу үшін ыдыс жуатын маши-
наны пайдаланбаңыз.
•
НЕРА-сүзгіні (19) мұқият құрғатыңыз.