87
дайындаған кезде medium/coarse қоюлықты
пайдаланыңыз.
(C) Қол режимі
Араластыруды бастау/тоқтату үшін START/
STOP түймесін (5) басыңыз. Таймер (7)
санақты (Fig. C) бастайды. Өңдеу туралы
егжей-тегжейлі нұсқауларды I кестесінен
қараңыз.
(D) Қағыс режимі
Қағыс режимін тағамның ірі кесектерін
бөлу үшін немесе тураған кезде тағамның
біркелкілігін бақылау үшін пайдалануға
болады. Қағыс режимін кез келген
жылдамдықта пайдаланыңыз. Ұзақтығы
START/STOP түймесін (Fig. D) қаншалықты
ұзақ басуыңызға байланысты болады.
(E) Қос функциялы Өлшер
қақпақшаны пайдалану
Жұмыс барысында тұздықтар мен
асқатықтарды қойылтатын сұйық
майдысаңылау арқылы тамшылатып қосу
үшін (Fig. E.a) немесе сұйық азық-түлікті аз
мөлшерде оңай қосу үшін (Fig. E.b) баяу май
өлшер қақпақшаны (1) пайдаланыңыз.
(F) Итергішті пайдалану
Бұл араласпай қалған азық-түлікті құманның
қабырғасынан төмен қарай итеруге және
араластыру кезінде қою қоспаларды
пышақтарға әкелуге көмектеседі. Жинаққа
кіретін итергіш (12) өлшер қақпақшаның (1)
аузы арқылы пайдаланылған кезде пышаққа
тимейді (Fig. F).
Ескертпе:
Оны тек қақпақтың негізгі бөлігі
орнында тұрғанда ғана пайдалануға болады.
(G) Smoothie2Go шөлмегінің
(қосымша сатылады)
көмегімен
араластыру
Smoothie2Go араластырғыш (13,14,15)
құралдары дүкендерден, Braun Household
веб-сайтынан немесе Тұтынушыларды
қолдау қызметіне қоңырау соғу арқылы
сатып алуға болады.
Ескертпе:
Smoothie2Go шөлмегін
пайдаланғанда,
moothie
және
ice crush
бағдарламаларын қолдануға болады.
Smoothie2Go шөлмегі ыстық тағамдарды
немесе газдалған сусындарды араластыру
үшін пайдаланылуға тиіс. Бүлінуіне жол
бермес үшін сауытты “max” таңбасынан
асыра толтырмаңыз.
Алкоголь қосылған нәруызды коктейль
немесе ішімдік дайындаған кезде ең көбі 400
мл-ден артық толтырмаңыз.
Өңдеу туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды
II кестесінде қараңыз.
Aвто өшіру
Құманмен (2) құрастырылған аспап қол
режимінде 6 минут өңдеу уақытынан кейін,
ал Smoothie2Go шөлмегімен (13) бірге
құрастырылған аспап 2 минуттан кейін
араластыруды автоматты түрде тоқтатады.
Жұмысты қайта бастау үшін START/STOP
түймесін (5) басыңыз.
Күту
Егер жылдамдық немесе режим таңдалмаса,
аспап 2 минуттан кейін күту режиміне
автоматты түрде ауысады да, барлық
индикатор жарығы өшеді, тек таймер (7) ғана
көмескіленіп, „--: --“ көрсетеді. Блендерді
қайта іске қосу үшін кез келген түймені
басыңыз немесе тетікті (5) қозғаңыз.
Қозғалтқышты қызудан қорғау
Блендер қозғалтқышты қызып кетуден
қорғайтын қозғалтқышты қорғау
функциясымен жарақталған. Жұмыс
кезінде қозғалтқыш өшіп қалса, блендерді
розеткадан ажыратыңыз да, араластыруды
жалғастырмас бұрын 30 минут суытып
қойыңыз.
5722310534_JB9040_INT.indd 87
5722310534_JB9040_INT.indd 87
10.09.21 17:02
10.09.21 17:02