Қазақ |
235
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Өлшеу нәтижесіне әсер ету
Өлшеу мәндерінің дәлдігі қоршаған орта температурасы өлшенетін ағаш кесегінің
температурасына сәйкес келген кезде ең жоғары болады.
Өлшеу нәтижесіне мына факторлар әсер етуі мүмкін:
– Сүрек тобы және сүректің ішкі тобы
– Өлшенетін ағаш кесегінің температурасы
– Өлшенетін ағаш кесегінің өзекке және шелқабыққа бөлінуі
– Өлшенетін ағаш кесегіндегі істіктердің енгізу тереңдігі
– Өлшенетін ағаш кесегі үстіңгі бетінің өңделуі (мысалы, майлар немесе лактар)
– Өлшенетін ағаш кесегінің құрылымына немесе текстурасына параллель өлшеу
– Ылғалдың үлестірілуі
– Өлшеу нүктесі (мысалы, ағаш кесегінің ортасында немесе шетінде)
– Ағаш кесегінің күйі мен түрі: сүректе шіріген жерлер, түйіндер мен басқа да
кемшіліктер болмауы тиіс
Назар аударыңыз:
дәл мәндер қажет болған жағдайда, өлшеуді кепкен күйде
өлшеу әдісінің көмегімен орындау керек (DIN 52183 стандарты бойынша дәл
зертханалық процедура).
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Себебі
Шешімі
Ескерту белгісі
(c), температура индикаторы
(d)
және дисплейдегі "Err"
Қоршаған орта температурасы –5 °C
және +50 °C аралығындағы жұмыс
температурасынан тыс.
Өлшеу құралы жұмыс температурасына
жеткенше күтіңіз.
A сүрек тобында: > 74,7% және дисплейдегі "HI"
B сүрек тобында: > 61,9% және дисплейдегі "HI"
Сүрек ылғалдылығы өлшеу
диапазонынан тыс (тым жоғары)
Сүректегі басқа жерде жаңа өлшеу
өткізу.
"– –.–" индикаторы дисплейде
Сүрек ылғалдылығы өлшеу
диапазонынан тыс (тым төмен) немесе
өлшеу тиісінше орындалмаған
Сүректегі басқа жерде жаңа өлшеу
өткізу.
Bosch Power Tools
1 609 92A 5EY | (29.04.2020)