Қазақ |
207
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз.
Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі
байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен
қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр
құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
тұрады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр
құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған немесе
түймесін басыңыз.
Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы
интерфейсінде де көрсетіледі Күй көрсеткіштері.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық 3× жасыл
60–100%
Үздіксіз жарық 2× жасыл
30–60%
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5–30%
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
0–5%
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл
80–100%
Үздіксіз жарық 4× жасыл
60–80%
Үздіксіз жарық 3× жасыл
40–60%
Үздіксіз жарық 2× жасыл
20–40%
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5–20%
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
0–5%
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
u
Электр құралында кез келген жұмыстарды
(мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды
алмастыру және т.б.) орындамас бұрын және оны
тасымалдау және сақтау кезінде ажыратқышты
бұғаттау үшін реттеу түймесін басыңыз.
Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат
алу қаупі туындайды.
Bluetooth
® Low Energy Module GCY 42 модулін
(керек-жарақ) орнату
Bluetooth
® Low Energy Module
GCY 42
туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Қосымша тұтқа
u
Қосымша тұтқасы
(16)
бар электр құралын ғана
пайдаланыңыз
.
u
Қосалқы тұтқаның әрдайым мықтап тартылғанына
көз жеткізіңіз.
Әйтпесе жұмыс кезінде электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны
(16)
қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның
(16)
астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны
(16)
қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның
(16)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін SDS-plus бұрғылау
патронына салынатын SDS-plus құралдары қажет болады.
Ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ бұрау үшін SDS-plus мүмкіндігі жоқ
құралдар (мысалы, цилиндрлік білігі жоқ бұрғылар)
пайдаланылады. Аталмыш құралдар үшін соққы тежегіші
кіріктірілген ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патроны
(1)
қажет болады.
Нұсқау:
тек соққы тежегіші кіріктірілген ауыстырмалы
жылдам қысқыш бұрғылау патроны
(1)
пайдаланылатын
құралдардың зақымдалмауын қамтамасыз етеді.
Bosch Power Tools
1 609 92A 70J | (16.11.2021)