208
| Қазақ
Бұрғылау патронын алмастыру
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (B суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау
сақинасын
(6)
артқа тартып, оны осы күйде ұстап
тұрыңыз және SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын
(2)
немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш
бұрғылау патронын
(1)
алға тартып шығарыңыз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін
кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (C суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын
тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын
(2)
немесе
ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын
(1)
алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын
шерту дыбысы анық естілгенше бұрғылау патронының
бекіткішіне
(20)
бұрап кіргізіңіз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде
бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының
бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ
(4)
жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4)
зақымдалмағанын тексеріңіз.
u
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (D суретін
қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (E суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы
(5)
артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронындағы құралды ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (F суретін қараңыз)
Ескертпе:
SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Соққы тежегіші кіріктірілген ауыстырмалы жылдам
қысқыш бұрғылау патронын
(1)
орнатыңыз.
Нұсқау:
тек
GBH 18V-34 CF
өніміне тән соққы тежегіші
кіріктірілген ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронын пайдаланыңыз. Тек мұндай бұрғылау патроны
перфоратордың пневматикалық соққы механизмі
алмалы-салмалы құралдарға зақым келтірмейтінін
қамтамасыз етеді.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын
(22)
мықтап ұстаңыз. Құрал
бекіткішін алдыңғы төлкені
(21)
құрал енгізілгенше
бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны
(22)
нық
ұстап тұрып, алдыңғы төлкені
(21)
шерту дыбысы
анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау:
құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені
(21)
көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
– Құрама ауыстырып-қосқышты
(7)
"Бұрғылау" күйіне
бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (G суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын
(22)
мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені
(21)
құралды шығару мүмкін болғанша бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
1 609 92A 70J | (16.11.2021)
Bosch Power Tools