Қазақ |
185
бекіткішін алдыңғы төлкені
(28)
құрал енгізілгенше
бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны
(29)
нық
ұстап тұрып, алдыңғы төлкені
(28)
шерту дыбысы
анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау:
құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені
(28)
көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын
(17)
"Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (J суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын
(29)
мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені
(28)
құралды шығару мүмкін болғанша бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 16 Plus аспабымен (керек-жарақ) шаң
сору
Шаң сору үшін GDE 16 Plus (керек-жарақ) қажет.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын
(17)
пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін
(16)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын
(17)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау:
жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша
соққымен
бұрғылау
күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз
бұрғылау
және
бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған
Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы
(17)
бекітілмейді.
Қашау
күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(8)
электр
құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Дегенмен ажыратқыш
(14)
басылса, бұл әрекетті
орындау мүмкін болмайды.
u
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(8)
электр
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
–
Оңға айналу:
айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(8)
күйіне тірелгенше жылжытыңыз.
–
Солға айналу:
айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(8)
күйіне тірелгенше жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын
қосу
үшін ажыратқышты
(14)
басыңыз.
Жұмыс шамы
(18)
ажыратқыш
(14)
кішкене немесе
толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын алғаш рет қосқан кезде, аздаған кідіріс
орын алуы мүмкін, себебі электр құралының
электроникасы алдымен конфигурациялануы қажет.
– Электр құралын
өшіру
үшін ажыратқышты
(14)
жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты
(14)
басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты
(14)
сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Bosch Power Tools
1 609 92A 70H | (21.12.2021)