72
/ KK
Кір жуғыш машина / Пайдаланушы нұсқаулығы
4.3.10.1 Қосымша функциялар
• Замачивание (Алдын ала жуу)
Алдын ала жуу режимін тек қатты кірлеген киімдерді жуу үшін қолданған тиімді. Алдын ала
жуу режимі қолданылмағанда, қуат, су, жуғыш қоспа және уақыт үнемделеді.
C
Жуғыш затсыз алдын ала жуу тюль мен перделер үшін ұсынылады.
• Быстрая стирка+(Жылдам+)
Осы функция таңдалса, қатысты бағдарламалардың ұзақтықтары 50%-ға қысқарады.
Оңтайландырылған жуу қадамдары, жоғары механикалық әрекет және оңтайлы су тұтыну
арқасында жоғары жуу өнімділігіне қол жетеді (ұзақтығы қысқартылса да).
• Ополаскивание (Шаю плюс)
Бұл функция өнімге негізгі жуудан кейінгі шаю процесіне тағы бір қадам қосуға мүмкіндік
береді. Осылайша, киімдердегі жуғыш қоспа қалдықтары туындататын тері тітіркендіру
(сәбилердің, терісі аллергияға бейім адамдардың және т.б.) қаупі азаяды.
4.3.10.2 Функция түймелерін 3 секунд басу арқылы
таңдалған функциялар/бағдарламалар
• Барабанды тазалау
Бағдарламаны таңдау үшін қосалқы функция түймесін 1-3 секунд басып тұрыңыз.
Барабанды тазалау және қажетті тазалық деңгейін сақтау үшін тұрақты түрде (1-2 ай сайын)
пайдаланып отырыңыз. Машина толығымен бос болған кезде бағдарламаны пайдаланыңыз.
Жақсырақ нәтижелер алу үшін жуғыш машиналарға арналған ұнтақты тат жою құралын «2»
нөмірлі ағартқыш бөліміне салыңыз. Бағдарлама аяқталған соң, жүктеу есігін жартылай ашық
қалдырыңыз, сонда машинаның іші құрғайды.
C
Бұл – жуу бағдарламасы емес. Бұл - техникалық қызмет көрсету бағдарламасы.
Бұл бағдарламаны машинаның ішінде кір бар кезде іске қоспаңыз. Олай істеуге әрекеттенсеңіз, машина жүкті
сезінеді де, бағдарламаны іске қоспайды.
• Балалардан қорғау құлпы
Балаларға машина жұмысына кедергі жасатпау үшін, балалардан қорғау құлпы функциясын
пайдаланыңыз. Сонда олар ағымдағы бағдарлама параметрлерін өзгерте алмайды.
C
Programme Selection (Бағдарламаны таңдау) дөңгелегін балалардан қорғау құлпы қосылып тұрғанда бұраса,
дисплейде «Con» жазуы пайда болады. Балалардан қорғау құлпы бағдарламаларды және таңдалған
температураны, жылдамдық пен қосымша функцияларды өзгертуге жол бермейді.
Балалардан қорғау құлпы қосылып тұрғанда, Programme Selection (Бағдарламаны таңдау) дөңгелегімен
басқа бағдарлама таңдалса да, бұрын таңдалған бағдарлама жалғаса береді.
Балалардан қорғау құлпын ашу үшін:
2. Қосалқы функция түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Түймені 3 секунд басулы ұстаған
кезде дисплейде C03, C02, C01 хабары пайда болады. Одан кейін 2-ші Қосалқы функция
түймесінің шамы жыпылықтаса, дисплейде балалар қорғаныс құлпы белсендірілгенін
көрсететін «Con» жазуы пайда болады. Балалардан қорғау құлпы қосылып тұрғанда, кез
келген түймені басса немесе Programme Selection (Бағдарламаны таңдау) дөңгелегін бұраса,
дисплейде қайтадан сол жазу пайда болады.
Балалардан қорғау құлпын ажырату үшін:
Бағдарлама қосулы кезде қосалқы функция түймесін 2-3 секунд басып тұрыңыз. Түймені 3
секунд басулы ұстаған кезде дисплейде C03, C02, C01 хабары пайда болады. Одан кейін
2-ші Қосалқы функция түймесінің шамы жыпылықтаса, дисплейде балалар қорғаныс құлпы
өшірілгенін көрсететін «COF» жазуы пайда болады.
C
Жоғарыдағы әдіспен қоса, Балалардан қорғау құлпын ажырату үшін, ешқандай бағдарлама жұмыс істеп
тұрмағанда, Programme Selection (Бағдарламаны таңдау) дөңгелегін Қосу / Өшіру позициясына апарып,
басқа бағдарламаны таңдаңыз.
Қуат үзілсе немесе машина ток көзінен ажыратылса, балалардан қорғау құлпы өшірілмейді.
Содержание WITV 8712 XWG
Страница 30: ......
Страница 31: ...2820527986_EN 20 11 19 12 58 Washing Machine User s Manual WITV 8712 XWG EN Document Number ...
Страница 55: ...2820527986_KK 20 11 19 12 23 Құжат нөмірі Кір жуғыш машина Пайдаланушы нұсқаулығы WITV 8712 XWG KK ...
Страница 82: ......
Страница 83: ......
Страница 84: ...www beko com ...