76
/ KK
Кір жуғыш машина / Пайдаланушы нұсқаулығы
4.4.4 Су алынатын сүзгілерді тазалау
Машинаның артқы жағындағы су алынатын клапандардың әрқайсысының ұшында және әр
су алынатын шлангінің кранға жалғанатын ұшында сүзгі тұрады. Бұл сүзгілер судағы бөтен
заттардың және кірдің машина ішіне кіріп кетуінен қорғайды. Сүзгілерді кірлегенде тазалау
керек.
1. Крандарды жабыңыз.
2. Су алынатын клапандардағы сүзгілер ашылу үшін, су алынатын шлангілердің
бұрандасын алып тастаңыз. Оларды арнайы щеткамен тазалаңыз. Сүзгілер өте кір болса,
кемпірауызбен шығарып, сүзгілерді де тазалаңыз.
3. Су алынатын шлангілердің жазық ұшындағы сүзгілерді аралық қабатымен бірге шығарып,
ағын сумен мұқият тазалаңыз.
4. Аралық қабаттарымен бірге сүзгілерді орнына салып, шлангінің бұрандаларын қолмен
тартып орнатыңыз.
4.4.5 Қалған суды шығару және сорғы сүзгісін тазалау
Машинадағы сүзгі жүйесі кір жуылған суды шығарғанда, түйме, тиын және мата жіптері
сияқты заттардың сорғы дөңгелегіне тұрып қалуынан қорғайды. Солай су ешбір қиындықсыз
шығып, сорғының қызмет ету мерзімі ұзарады.
Машина суды шығармаса, сорғы сүзгісі бітеліп қалды. Сүзгіні бітеліп қалғанда немесе 3 ай
сайын тазалап отыру керек. Сорғы сүзгісін тазалау үшін алдымен суды шығару керек.
Сонымен қатар машинаны тасымалдағанда (мысалы, басқа үйге көшкенде) және су қатып
қалса, машинаның ішіндегі суды толық шығару керек.
A
ЕСКЕРТУ:
Сорғы сүзгісінде бөтен заттар қалып қалса, машина зақымдалып, қатты шу шығара бастауы
мүмкін.
Кір сүзгіні тазалау және суды төгу үшін:
1. Машинаны қуат көзінен ажыратыңыз.
A
ЕСКЕРТУ:
Машина ішіндегі судың температурасы 90 ºC-қа дейін көтерілуі мүмкін. Күйіп қалу қаупін
болдырмау үшін сүзгіні машинадағы су салқындағаннан кейін тазалау керек.
Содержание WITV 8712 XWG
Страница 30: ......
Страница 31: ...2820527986_EN 20 11 19 12 58 Washing Machine User s Manual WITV 8712 XWG EN Document Number ...
Страница 55: ...2820527986_KK 20 11 19 12 23 Құжат нөмірі Кір жуғыш машина Пайдаланушы нұсқаулығы WITV 8712 XWG KK ...
Страница 82: ......
Страница 83: ......
Страница 84: ...www beko com ...