60 / KK
Кір жуғыш машина / Пайдаланушы нұсқаулығы
4.1 Орнату
• Өніміңізді орнату үшін ең жақын өкілетті қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
• Орынды және электр, таза су құбыры, кір суды шығару құбыры жүйелерін орнату –
тұтынушы жауапкершілігінде.
• Өнімді орнату немесе тазалау процедураларынан кейін өнімді орнына итеріп қою
барысында су кіретін және шығатын шлангалар, сонымен қатар қуат кабелі бүктеліп,
қысылып немесе майысып қалмасын.
• Өнімді орнату және электр қосылымдары өкілетті қызмет өкілі тарапынан орындалуы
керек. Өнімді жасаушы өкіл емес адамдар орындаған жұмыс салдарынан болған
шығындар үшін жауапты болмайды.
• Орнату алдында, құрылғының зақымданған жері жоқ па екен, соны көзбен шолу арқылы
тексеріңіз. Зақымданған болса, орнатпаңыз. Зақымданған өнімдер қауіп тудыруы мүмкін.
4.1.1 Ыңғайлы орнату орны
• Өнімді қатты және тегіс еденге қойыңыз. Оны түктері биік кілемге немесе басқа ұқсас бетке қоймаңыз.
• Кір жуғыш машина мен кептіргішті бір-бірінің үстіне қойғанда олардың жүкке толы кездегі
жалпы салмағы шамамен 180 килограммға жетеді. Өнімді ауыр жүкті көтере алатын берік
және тегіс бетке орналастырыңыз!
• Өнімді қуат кабелінің үстіне орналастырмаңыз.
• Өнімді температурасы 0ºC градустан төмен болатын орталарға орнатпаңыз.
• Машина мен жиһаз аралығында ең кемі 1 см қалдырыңыз.
• Аяқталған еденде өнімді еденнің шетінне немесе планформаға қоймаңыз.
4.1.2 Орам бекіткішін алу
Құрылғыны артқа қарай шалқайтып, орам бекіткішін алып
тастаңыз. Орам бекіткішін таспаны тарту арқылы алыңыз.
Бұл операцияны жалғыз орындамаңыз.
4.1.3 Тасымалдау бекіткіштерін алу
1 Оңай бұралмайынша барлық бұрандаларды тиісті кілтпен босатыңыз.
2 Тасымалдау барысында сақтандыру бұрандаларын аздап бұрап алыңыз.
3 Пайдаланушы нұсқаулығының қалтасындағы пластикалық жабындарды артқы
панельдегі тесіктерге енгізіңіз.
A
САҚТЫҚ ШАРАСЫ:
Кір жуатын машинаны пайдаланбас бұрын, тасымалдау барысында сақтандыру
бұрандаларын алыңыз! Әйтпесе, өнім зақымданады.
C
Тасымалдау барысында сақтандыру бұрандаларын болашақта кір жуғыш машинаны тасымалдағанда
пайдалану үшін қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Тасымалдау қауіпсіздік бұрандаларын бөлшектеу процедурасына кері ретпен орнатыңыз.
Өнімді өз орындарына дұрыс бұралған бұрандаларсыз ешқашан жылжытпаңыз!
4.1.4 Су кіретін түтікті жалғау
C
Бұл өніммен жұмыс істеу үшін қажет кіріс су қысымы – 1-10 шкала аралығында (0,1 – 1 мПа). Құрылғының
ойдағыдай жұмыс істеуі үшін, барынша ашылған краннан минутына 10-80 литр су ағуы қажет. Ал су қысымы
көбірек болса, қысым азайтқыш клапанды бекітіңіз.
A
САҚТЫҚ ШАРАСЫ:
Жалғыз су кіру түтігі бар үлгілерін ыстық су кранымен жалғамаңыз. Мұндай
жағдайда жуылатын заттар зақымданады немесе өнім қорғаныш режиміне өтіп, жұмыс істемей қалады.
САҚТЫҚ ШАРАСЫ:
Жаңа өніммен пайдаланылған немесе ескі су кіретін шлангаларды пайдаланбаңыз.
Оның салдарынан жуылған киімде дақтар қалуы мүмкін.
Содержание WITV 8712 XWG
Страница 30: ......
Страница 31: ...2820527986_EN 20 11 19 12 58 Washing Machine User s Manual WITV 8712 XWG EN Document Number ...
Страница 55: ...2820527986_KK 20 11 19 12 23 Құжат нөмірі Кір жуғыш машина Пайдаланушы нұсқаулығы WITV 8712 XWG KK ...
Страница 82: ......
Страница 83: ......
Страница 84: ...www beko com ...