22
ҚазаҚша
• Желілік бау «евроайыртетікпен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар электр
ашалығына қосыңыз.
• Үтікті түзу, тұрақты бетке қойыңыз немесе үтіктейтін
тақтаны пайдаланыңыз.
• Іске қсоылған үтікті қараусыз қалдырмаңыз.
• Егер сіз үтікті пайдаланбайтын болсаңыз, әрқашан
оны желіден ажыратыңыз.
• Сауытты сумен толтырған кезде әрқашан желілік
баудың айыртетігін ашалықтан шығарыңыз.
• Сумен толтыратын саңылау үтіктеу кезінде жабық
болуы керек.
• Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал ерітіндісін,
қақты жоюға арналған реагенттерді, химиялық
заттарды және т.с.с. құюға тыйым салынады.
• Терінің ашық бөліктерінің үтіктің ыстық беттерімен
немесе шығатын бумен жанасуына, күйіктер алуға
жол бермеңіз.
• Желілік баудың үтіктеу тақтасының шетінен
салбырап тұрмауын және ыстық беттерге тиіп
тұрмауын қадағалаңыз.
• Үтікті электрлік желіден ажырату/қосу алдында
температура реттегішін «MIN» күйіне, ал тұрақты
бу беру реттегішін « » (бу беру сөндірілген) күйіне
белгілеңіз.
• Үтікті электрлік желіден ажыратқан кезде әрқашан
желілік айыртетіктен ұстаңыз, ешқашан желілік
баудан тартпаңыз.
• Электрлік ток соққысына жол бермеу үшін үтікті
суға немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға
матырмаңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау ретінде
пайдаланылатын полиэтилен қаптарды қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Құрылығыны ойыншық ретінде пайдалануға жол
бермеу үшін балаларға қадағалау жасаңыз.
• Берілген құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған. Жұмыс істеген және салқындаған
уақытта құрылғыны балалардың қолы жетпейтін
жерде орналастырыңыз.
IM VT-8303_70x130.indd 22
24.01.2017 17:13:44