14
ҚАЗАҚША
Аспапты пайдаланбас бұрын, желілік бауды толығымен
тарқатуды ұмытпаңыз.
Желі бауын шешуге ығайлы болу үшін жоғарғы ілмек (7)
пен төменгі ілмек (9) 180°-қа бұрылады. Ілгекті бұрмас
бұрын, оны өзіңізге қарай тартыңыз.
Ескету! Құрылғыны пайдалану барысында қараусыз
қалдырмаңыз.
Сұйыққоймаға су құю
• Бекіткіш батырмасын (5) басыңыз және оны суға
арналған сұйыққоймадан (4) шығарып алыңыз
(сур. 2).
• Суға арналған сұйыққойманың қақпағын сағат тіліне
қарсы бұрап ашыңыз (сур. 3).
• Өлшеуіш стақаншаны (13) пайдаланып, суға
арналған сұйыққоймаға (4) таза су құйыңыз.
• Суға арналған сұйыққойманы асыра толтырмаңыз.
Суға арналған сұйыққоймадағы су деңгейі белгісінің
«450 мл» жоғарғы сызығынан төмен ұстаңыз.
• Сұйыққойманы сумен толтырғаннан кейін қақпақты
сағат тіліне бағытымен бұрап жабыңыз.
• Сұйыққойманы шертілгенге дейін орнына қойыңыз.
Егер швабраны пайдалану кезінде сұйыққоймадағы
су таусылса, қосу/сөндіру (3) батырмасын басып,
құрылғыны өшіріңіз, электр розеткасынан желі
бауының ашасын (4) суырып алыңыз және жоғарыдағы
нұсқауларға сәйкес сұйыққоймаға таза су құйыңыз.
Еденді жуу және дезинфекциялау
Топсаның
арнайы
құрастырылымы
арқасында
қондырма-швабра (1) үлкен бұрылу бұрышына ие,
бұрыштарды, сондай-ақ жиһаздың астындағы кеңістікті
тазалай алады.
• Қондырма-швабраға (1) микрофибра шүберегін
(12) бекітіңіз (сур. 4). Шүберек жабыстырмалар
қондырма-швабрадағы бекіткіш жақтауларына жақсы
жабысқандай етіп, қондырманы шүберекке басыңыз.
• Қуат сымының ашасын электр розеткасына салыңыз
да, қосу/өшіру батырмасын (3) басыңыз, осы
ретте қосу /қыздыру индикаторы (10) көк түспен
жыпылықтай бастайды. Құрылғы қызады және
шамамен 35 секундтан кейін бу бере бастайды.
Индикатор (10) тұрақты жанып тұрғанда, бу
швабрасы жұмысқа дайын болады.
• Тазалау кезінде желі бауы кедергі жасамауы үшін
оны жоғарғы ілгектен (7) өткізіңіз.
Ескертпе: Пайдалану және сақтау ыңғайлылығы үшін
швабраны тік тұрақ жағдайына орнатуға болады.
Ол үшін қондырма-швабрада (1) тұрақ торабы
қарастырылған. Швабраны тұрақ орнына ауыстыру
үшін, қондырма-швабраны (1) аяғыңыздың ұшымен
еденге сәл басыңыз, содан кейін тұтқасынан (6)
корпусты (2) тік күйіне ауыстырыңыз және алға қарай
шертілгенге дейін ауыстырыңыз.
Статикалық қорғаныс
Бу швабрасын тік тұрақ күйіне орнатқан кезде еденді
қызып кетуден және асыра ылғалданудан қорғау үшін
бу беру автоматты түрде тоқтатылады, бұл ретте қосу
/қыздыру индикаторы (10) көк түспен жыпылықтай
бастайды.
Суға арналған сұйыққойманы (4) корпустан (2) шығарған
кезде, сорғы автоматты түрде бу беруді тоқтатады,
ал қосу /қыздыру индикаторы (10) да көк түспен
жыпылықтай бастайды.
Судың жетіспеушілігінен қорғау
Егер сұйыққоймада (4) су таусылса, сорғы шамамен
60 секундтан кейін автоматты түрде жұмысын
тоқтатады, ал қосу /қыздыру индикаторы (10) көк түспен
жыпылықтайды. Сұйыққойма сумен толтырылғаннан
кейін сорғы жұмысын жалғастырады.
Кілем жабындарын тазалау
• Кілем жабынына арналған жақтауды (11) қондырма-
швабраның (1) үстінен кигізілген шүберекпен (12)
бірге орнатыңыз. Мұны істеу үшін алдымен жақтауға
(11) қондырма-швабраның алдыңғы бөлігін (1), содан
кейін оның артқы жағын орнатыңыз және жақтау
орнына келгенше басыңыз.
• Жақтау (11) қондырма-швабраның (1) кілем
жабындары үстінен сырғып жүруін жеңілдетеді,
шүберектің (12) түрілуіне жол бермейді.
• Қуат сымының ашасын электр розеткасына салыңыз
да, қосу/өшіру батырмасын (3) басыңыз, осы
ретте қосу /қыздыру индикаторы (10) көк түспен
жыпылықтай бастайды. Құрылғы қызады және
шамамен 35 секундтан кейін бу бере бастайды.
Индикатор (10) үнемі жанған кезде, бу швабрасы
жұмыс істеуге дайын болады.
• Тазалау кезінде желі бауы кедергі жасамауы үшін
оны жоғарғы ілгектен (7) өткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
• Еденді жуар алдында шаң мен кір бөлшектерін кетіру
үшін оны сыпыру немесе шаңсорғыштау ұсынылады.
• Еденді жуу кезінде аспапты біркелкі қайтарымды-
жылжытпалы қозғалыстармен жүргізіңіз, өзіңізден
кері итеріп және қайта тартып қозғалтыңыз.
Жуылған еденге баспау үшін артқа жылжыңыз.
• Микрофибрадан жасалған шүберек (12) еденді
жуу кезінде суды жинайды. Алайда, еден бетінің
ерекшеліктеріне және бу берудің берілген
қарқындылығына байланысты еденде аздап ылғал
қалуы мүмкін. Бұл жағдайда еденді табиғи түрде
кептіру ұсынылады. Кептіруді желдеткіштің көмегімен
оны қажетті аймаққа бағыттау арқылы жеделдетуге
болады.
• Жинастырып болғаннан кейін шүберекті (12)
қондырма-швабрадан (1) шешіп алыңыз. Сонда
швабраның астындағы еден дымқыл шүберектен
ылғалданбайды.
• Жақтауы (11) орнатылған қондырма-швабрамен
(1) кілем жабындарын тазалауға болады. Кілемді
жаңарту үшін келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
кілем тазартуға арналған құралды 1:1 қатынасында
сумен
сұйылтыңыз.
Жасалған
ерітіндіні
бүріккішпен шашыратып себіңіз және кілемді
2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт келгенде кілемді бу
швабрасымен тазалаңыз. Бұл әрекеттен кейін кілем
дымқыл болады, оны кептіру керек.
• Судың тұрып қалуын және бөгде иістің пайда болуын
болдырмау үшін сұйыққоймадағы (4) суды мезгілімен
толығымен ауыстыру ұсынылады.
• Ел өңірлерінде судың кермектігінің деңгейі әртүрлі.
Суда кермектілік тұздары және басқа еріген
минералдар болуы мүмкін. Қазандықтағы су буланып,
шөгінділері қалады.
• Егер суда тұз аз болса және су жұмсақ болса,
онда қақ қабыршақтары мезгіл-мезгіл қазандықтың
қабырғаларынан құлап, бумен бірге шығады. Егер