16
ҚАЗАҚША
затбелгіде көрсетілген) және оны су құбыры суының
көрсеткіштерімен салыстырыңыз (оларды сумен
жабдықтау ұйымының сайтынан немесе интернеттен
табуға болады). Әдетте, бөтелкедегі судың
минералдануы 100-400 мг/л құрайды. Краннан аққан
судың минералдануы бірнеше есе аз болуы мүмкін,
сондықтан бөтелкедегі суды пайдалану қақтану
мөлшерін арттырады.
ТАЗАЛАУ және КҮТІМ
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Сұйыққоймадан (14) қалған суды ағызыңыз.
• Бу швабрасы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
• Шүберекті қылшақтан шешпес бұрын, оның
салқындауын бірнеше минут күтіңіз.
• Микрофибрадан жасалған шүберекті кір жуғыш
машинада 60°C-тан аспайтын температурада
сақтағыш режимде жууға болады.
• Шүберек кірді жақсы сіңіруі үшін, ешқашан
ағартқышты, шаюға арналған құралды және
кондиционерді пайдаланбаңыз. Шүберек кептіргіш
машинасында кептіруге жарамды.
• Қолмен жуған кезде жұмсақ жуғыш құралын
қолданыңыз және оны көлденең кептіріңіз.
Суға арналған сұйыққойманы тазарту
• Суға арналған сұйыққойманы мезгілімен жуып
отыры ңыз. Сұйыққоймадағы судың тұрып қалуына
жол бермеңіз.
• Суға арналған сұйыққойма ішінде жиналған әк
шөгінділерді тазарту үшін суға толып тұрған
сұйыққоймаға бір немесе екі ас қасық ақ сірке суын
қосып, суға арналған сұйыққойманың қақпағын
жауып, ішіндегісін шайқаңыз, содан кейін төгііз
сұйыққойманы таза сумен шайыңыз.
Аспаптың ішкі бөлігін әк қалдықтарынан тазарту
• Егер сіздің бу швабраңыз әдеттегіден баяу бу шығара
бастаса, немесе бу шығаруды тоқтатса, сізге әк
қалдықтарын кетіру қажет болуы мүмкін. Уақыт өте
келе, аспаптың ішіндегі металл бөліктерде әк қағы
пайда болуы мүмкін, бұл швабра сипаттамаларына
қатты әсер етуі мүмкін. Суға арналған сұйыққойманы
толтырылған күйде қолданған кезде әр 25-50 рет,
немесе айына кемінде бір рет, әсіресе суы кермек
аудандарда, әк қалдықтарын үнемі кетіріп отыру
керек. Әк қалдықтарын кетіру жиілігі су құбыры судың
кермектілігіне және бу швабрасын қаншалықты жиі
қолданатындығыңызға байланысты.
• 1/3 ақ сірке суы мен 2/3 су құбыры суының ерітіндісін
дайындаңыз және суға арналған сұйыққоймаға (14)
құйыңыз.
• Бу швабрасын еденнен немесе айналадағы заттар
мен беттер бағытына шығатындай етіп орнатыңыж
және бекітіңіз. Құрылғыны электр желісіне қосыңыз, ол
үшін қосу батырмасына (3) басыыз, және құрылғыға
дайындалған ерітіндіден бу шығаруға мүмкіндік беріңіз.
• Будың қалыпты шығуына қол жеткізу үшін қанша рет
қажет болса, жоғарыда сипатталған әрекетті сонша
рет қайталаңыз.
• Сұйыққойманы (14) таза сумен шайыңыз.
• Сұйыққойманы (14) таза сумен толтырыңыз, оны
корпусқа (2) орнатыңыз және құрылғыдағы су
таусылғанша және бу шықпағанша бу шығарсын.
Бу шығатын тесіктерді тазалау
• Құрылғының электр желісінен ажыратылғанына
және суығанына көз жеткізіңіз. Қылшақты (1)
шешіп алыңыз. Корпусты қылшақтан ажырату
үшін қылшақты аяғыңыздың ұшымен еденге аздап
басыңыз, бекіткіш батырмасын (17) басыңыз және
корпусты жоғары қарай тартыңыз. Инемен (21) алға-
кері және айналмалы қозғалыстар жасап, корпустағы
(2) будың шығатын тесігін тазалаңыз (сур. 7).
Ескерту! Қақтан тазарту кезінде және/немесе
пайдалану кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Әрбір қақтан тазартудан кейін
жүйеде қақ пен кір қалмағанына көз жеткізу үшін,
қолайлы оқшауланған жерде сынақ тазалау өткізіңіз.
САҚТАЛУЫ
Ескертпе: Швабраны қолданғаннан кейін, қуаттан-
дырудан өшірмес бұрын суға арналған сұйыққойманы
шығарып алыңыз, содан кейін бу шығуы тоқтағанша
біраз уақыт өнімді жұмыс істетіңіз.
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• «Тазалау және күтім» бөлімінің талаптарын орындаңыз.
• Желі бауын орауға арналған арнайы ілгекке (9, 11)
ораңыз.
• Желі бауының қалған бөлігін бекіткішке (10) бекітіңіз.
• Швабраны тік күйінде қойыңыз.
• Бу швабрасын құрғақ және салқын, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Техникалық қызмет көрсету немесе ақаулықтарды тексеру жұмыстарын жүргізбестен бұрын аспапты толығымен суытыңыз.
Қиындық
Себебі
Шешімі
Әлсіз бу
немесе будың
болмауы
Суға арналған сұйыққоймада су
таусылды
Суға арналған сұйыққоймаға су құйыңыз
Бу шүмегінің бітелуі
Бу шүмегін тазалаңыз (корпустың төменгі жағында орналасқан)
Суға арналған сұйыққоймаға әк
және тұз шөгінділері жиналған
Суға арналған сұйыққоймадан әк пен тұз шөгінділерін
жойыңыз.
Қыздырғышта қақ түзілімі пайда
болды
Қыздырғыштан қақты кетіріңіз.
Әрекетті өздігінен жасалады
және кепілдікке жатпайды (Тазалау және күтім бөлімін
қараңыз)
Құрылғы
қосылмайды
Қуаттандыру берілісі жоқ
Құрылғының электр розеткасына қосылғанына көз жеткізіңіз
Қосу батырмасы басылмаған
Қосу батырмасын басыңыз
Сақтандырғыш жанып кетті
Авторланлған сервис орталығына жүгінііз
Егер мәселелер сақталса немесе жоғарыда көрсетілмеген болса, авторланған сервис орталығына жүгінііз (
www.vitek.ru
)
немесе Клиенттерді қолдау қызметіне жүгінііз.
VT-8189.indd 16
10/21/20 3:40 PM