15
ҚАЗАҚША
батырмасын (17) басыңыз және корпусты жоғары
қарай тартыңыз.
• Топсаның арнайы құрастырылымы арқасында
еден қылшағы (1) үлкен бұрылу бұрышына ие,
бұрыштарды, сондай-ақ жиһаздың астындағы
кеңістікті тазалай алады (сур. 5).
БУ ШВАБРАСЫН ҚОЛДАНУ
Назар аударыңыз! Бу швабрасының еденге құлауына
жол бермеңіз. Еденге соғылу салдарынан құрылғының
ішкі бөліктері зақымдалуы, ал швабраның тұтқасы
жарылып кетуі мүмкін.
Аспапты пайдаланбас бұрын, желілік бауды толығымен
тарқатуды ұмытпаңыз.
Желі бауын тарқатуға ыңғайлы болу үшін, желі бауын (9)
орауға арналған жоғарғы ілгекті 180° бұрыңыз.
Сұйыққоймаға су құю
• Бекіткіш пернесін (13) жоғары қарай тартыңыз және
суға арналған сұйыққойманы (14) корпустан (2)
тартып алыңыз.
• Суға арналған сұйыққойманың қақпағын (15) сағат
тіліне қарсы бұрап ашыңыз.
• Стақаншаны (20) пайдаланып, сұйыққоймаға (14)
таза су құйыңыз (сур. 6).
• Сұйыққойманы сумен толтырғаннан кейін қақпақты
(15) сағат тіліне бағытымен бұрап жабыңыз.
• Сұйыққойманы сенімді бекітілгенге дейін орнына
қойыңыз.
• Егер швабраны пайдалану кезінде сұйыққоймадағы
су таусылса, қосу батырмасын (3) басып, құрылғыны
өшіріңіз, электр розеткасынан желі бауыны ашасын
(16) суырып алыңыз және жоғарыдағы нұсқауларға
сәйкес сұйыққоймаға (14) таза су құйыңыз.
Еденді жуу және дезинфекциялау
• Еден қылшағына (1) микрофибра шүберегін (19)
бекітіңіз (сур. 4). Қылшақтағы планкаға шүберек
жабыстырмалары жақсы жабысқандай етіп,
қылшақты шүберекке басыңыз.
• Желі бауының ашасын (16) электр розеткасына
салыңыз және қосу батырмасын (3) басыңыз, осы
ретте қосу батырмасының индикациясы қызыл
түспен жанады. Қосу батырмасының индикаторы
көгілдір түспен жанғанға дейін, шамамен 25 секунд
күтіңіз, су беру қосылады және бу швабрасы жұмыс
істеуге дайын болады.
• Желі бауы (16) жұмыс кезінде кедергі жасамауы үшін,
оны бекіткішке (10) бекітіңіз және жоғарғы ілгектен (9)
өткізіп салыңыз.
Кілем жабындарын тазалау
• Кілем жабынына арналған жақтауды (18) еденге
арналған қылшақтың (1) үстіне кигізілген шүберекпен
(19) бірге орнатыңыз. Ол үшін еденге арналған
қылшақты жақтауға орнатыңыз және жақтау орнына
келгенше басыңыз (сур. 4).
• Жақтау (18) қылшақтың (1) кілем жабындары үстінен
сырғып жүруін жеңілдетеді, шүберектің (19) түрілуіне
жол бермейді.
• Желі бауының ашасын (16) электр розеткасына
салыңыз және қосу батырмасын (3) басыңыз, осы
ретте қосу батырмасының индикациясы қызыл
түспен жанады. Қосу батырмасының индикаторы
көгілдір түспен жанғанға дейін, шамамен 25 секунд
күтіңіз, су беру қосылады және бу швабрасы жұмыс
істеуге дайын болады.
Жинастыруды аяқтағаннан кейін қосу батыр
масына (3) басыңыз және желі бауының ашасын
(16) электр розеткасынан алып тастаңыз Бу
швабрасы салқындағанша күтіңіз, содан кейін
аспапты бөлшектеуге және тазартуға кірісіңіз.
Су деңгейі
Су деңгейі әрдайым мөлдір сұйыққойманың (14) арқа-
сында көрініп тұрады.
Су жұмсалып біткенде, бу шығуын тоқтатады.
Жұмысты жалғастыру үшін, сұйыққойманы жоғарыда
сипатталғандай сумен толтырыңыз.
ЕСКЕРТУ: бұл операция әрқашан құрылғыны желіден
ажыратқаннан кейін ғана орындалуы керек
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
• Еденді жуар алдында шаң мен кір бөлшектерін кетіру
үшін оны сыпыру немесе шаңсорғыштау ұсынылады.
• Еденді жуу кезінде аспапты біркелкі қайтарымды-
жылжытпалы қозғалыстармен жүргізіңіз, өзіңізден
кері итеріп және қайта тартып қозғалтыңыз. Жуылған
еденге баспау үшін артқа жылжыңыз.
• Микрофибрадан жасалған шүберек (19) еденді
жуу кезінде суды жинайды. Алайда, еден бетінің
ерекшеліктеріне және бу берудің берілген
қарқындылығына байланысты еденде аздап ылғал
қалуы мүмкін. Бұл жағдайда еденді табиғи түрде
кептіру ұсынылады. Кептіруді желдеткіштің көмегімен
оны қажетті аймаққа бағыттау арқылы жеделдетуге
болады.
• Тазалау аяқталғаннан кейін шүберекті (19) еденге
арналған қылшақтан (1) шешіп алыңыз. Сонда
швабраның астындағы еден дымқыл шүберектен
ылғалданбайды.
• Жақтауы (18) орнатылған еденге арналған
қылшақпен (1) кілем жабындарын тазалауға болады.
Кілемді жаңарту үшін келесі әрекеттерді орындап
көріңіз: кілем тазартуға арналған құралды 1:1
қатынасында сумен сұйылтыңыз. Жасалған ерітіндіні
бүріккішпен шашыратып себіңіз және кілемді
2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт келгенде кілемді бу
швабрасымен тазалаңыз. Бұл әрекеттен кейін кілем
дымқыл болады, оны кептіру керек.
• Судың тұрып қалуын және бөгде иістің пайда
болуын болдырмау үшін сұйыққоймадағы (14) суды
мезгілімен толығымен ауыстыру ұсынылады.
• Ел өңірлерінде судың кермектігінің деңгейі әртүрлі.
Суда кермектілік тұздары және басқа еріген
минералдар болуы мүмкін. Қазандықтағы су буланып,
шөгінділері қалады.
• Егер суда тұз аз болса және су жұмсақ болса,
онда қақ қабыршақтары мезгіл-мезгіл қазандықтың
қабырғаларынан құлап, бумен бірге шығады. Егер
суда тұздар көп болса, оның ішінде кермектілік
тұздары болса, онда минералды шөгінділер
қазандықта айтарлықтай мөлшерде жиналады.
Бұл будың пайда болуын қиындатады және сынуға
әкелуі мүмкін. Ққа үлпектері клапандар мен келте
құбырларды бітеуі мүмкін. Сондықтан қақтың
пайда болуын және тұздың жиналуын азайту үшін
деминерализацияланған немесе дистиллденген суды
пайдалану ұсынылады.
• Кәдімгі құмыра сүзгілері судан минералдар мен
тұздарды алып тастамайды. Бұл мәселені арнайы
деминерализация сүзгілері жеңе алады.
• Егер сіз бөтелкедегі ауыз суды қолданғыңыз келсе,
оның жалпы минералдануын біліп алыңыз (әдетте
VT-8189.indd 15
10/21/20 3:40 PM