
13
ҚазаҚша
ШАҢСОРҒЫШ VT-8129
Шаңсорғыш панажайларды құрғақ өңдеу үшін
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
«ЕДЕН/КІЛЕМ» режимдерінің ауыстырғышы
2.
Еденге/ кілем жабындыларына арналған
UltraClean қылшағы
3.
Телескопты түтік бекіткіші
4.
Телескопты ұзартқыш түтік
5.
Сорғызу қуатының қолмен реттегіші
6.
Иілгіш құбыршектің қолсабы
7.
Иілгіш құбыршек
8.
Бекіткіштері бар иілгіш құбыршектің
ұштамасы
9.
Ауатартқыш саңылау
10.
Шаңжинауыш бөлігі қақпағының лектіргіші
11.
Тасымалдауға арналған қолсап
12.
Шаңжинауыш бөлігінің қақпағы
13.
Қондырмаларды сақтау бөлімі қақпағының
бекіткіші
14.
Шаңжинағыш толуының көрсеткіші
15.
Шығу НЕРА-сүзгі торының бекіткіші
16.
Бауды орау пернесі
17.
Сорғызу қуатының электронды реттегіші
18.
Іске қосу/сөндіру батырмасы
19.
Көп рет қолданылатын мата шаңжинағыш
20.
Шаңжинағыш ұстауышы
21.
Кіргізетін сүзгісі бар тор
22.
Әмбебап саңылаулық қондырма
23.
Тегіс беттерге арналған қылшақ
24.
Бір рет қолданылатын қағаз шаңжинауыш
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру тізбегіне
қорғаныс ажыратылу құрылғысын (ҚАҚ)
30 мА-ден аспайтын номиналды іске қосылу
тоғымен орнатқан дұрыс. ҚАҚ орнатқан
кезде маманға хабарласқан жөн.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында берілген
пайдалану бойынша басшылықты зейін қойып
оқып шығыңыз және оны бүкіл пайдалану мерзімі
бойы сақтаңыз. Құрылғыны тек оның тікелей
міндеті бойынша ғана берілген басшылықта
жазылғандай пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс
қолданбау оның бұзылуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруі мүмкін.
Өртену, электр тоғымен зақымдану немесе
жарақат алу тәуекелін азайту үшін төмендегі
қауіпсіздік шаралары бойынша ұсыныстарды
орындау керек.
•
Құрылғыны электр желісіне қосу алдында,
құрылғыда көрсетілген жұмыс істеу кернеуі
сіздің үйіңіздің электр желісіндегі кернеуге
сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
•
Өрт тәуекеліне жол бермеу үшін
құрылғыны электр ашалығына қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Шаңсорғыш желілік ашалыққа қосулы
кезде, оны қараусыз қалдырмаңыз. Сіз
шаңсорғышты пайдаланбаған жағдайда,
қондырмаларды ауыстырған кезде, сонымен
қатар техникалық қызмет көрсету алдында,
желілік бауды электрлік ашалықтан міндетті
суырыңыз.
•
Электр тоғы соққысы тәуекелін азайту
үшін шаңсорғышты бөлмелерден тыс
пайдаланбаңыз,
шаңсорғышты
суды
немесе кез-келген басқа сұйықтықтарды
жинау үшн пайдалануға тыйым салынады
(шаңсорғышты
дымқыл
беттерде
пайдаланбаңыз).
•
Шаңсорғышты тасымалдауға арналған
қолсаптан ұстап қана тасымалдауға болады.
•
Желілік бауды шаңсорғышты тасымалдау
үшін пайдаланбаңыз, егер желілік бау есік
саңылауын өтетін болса, есікті жаппаңыз,
желілік баудың жиһаздың үшкір шеттермен
немесе бұрыштарымен жанасуына жол
бермеңіз. Бөлмені жинаған кезде желілік
баудан шаңсорғышпен жүруге тыйым
салынады – сіз оны бүлдіре аласыз. Алдымен
шаңсорғышты іске/сөндіру батырмасымен
сөндіріңіз және содан кейін ғана желілік
баудың айыртетігін электрлік ашалықтан
шығаруға болады.
•
Құрылғыны электрлік желіден ажыратқан
кезде желілік баудан тартпаңыз, ал желілік
баудың айыретігінен қолыңызбен ұстаңыз.
•
Желілік айыретікті немесе шаңсорсғыш
корпусын сулы қолмен ұстамаңыз.
•
Желілік бауды орау кезінде бауды
қолыңызбен ұстаңыз, желілік айыртетіктің
еденге соғылуына жол бермеңіз.
•
Құрылғының шығаратын саңылауын қандай
да бір заттармен жабуға тыйым салынады.
•
Егер құрылғының қандай да бір саңылауы
бөгеттелген болса, оны іске қосуға тыйым
салынады.
•
Шаштардың, сонымен қатар бос салбыраған
киім бөліктері, саусақтар немесе басқа
дене мүшелері шаңсорғыштың ауатартқыш
саңылауларының қасында орналаспауын
қадағалаңыз.
IM VT-8129.indd 13
08.10.2018 16:23:01