12
ҚазаҚша
КӨЖЕӘЗІРЛЕГІШ
Құрылғы көже, көже-езбе әзірлеуге, сондай-ақ
әртүрлі азық-түліктерді ұсақтау және араластыруға
арналған.
Суреттеме
1.
Моторлы блок
2.
Басқару тақтасы
3.
Дисплей
4.
Көже әзірлегіш тостағы
5.
Қыздырғыш элемент
6.
Пышақ
7.
Қақпақ бекіткіші
8.
Қақпақ
9.
Өлшеуіш стақан/тығын
10.
Тұтқа
Басқару тақтасы
11.
Әзірлеу ұзақтығын баптау түймесі «+/-»
12.
«Мұз» түймесі
13.
Температураны
(жоғары/орташа/төменгі)
орнату түймесі
14.
«Блендер» түймесі
15.
«Көже-езбе» түймесі
16.
Қосу/өшіру түймесі
17.
«Көже» түймесі
18.
«Араластыру» түймесі
Назар аударыңыз!
Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне 30 мА-
ден аспайтын номиналды жұмыс істеу тоғы
бар қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ)
орнатып қойған жөн. ҚСҚ-ны орнату үшін
маманға жолығу керек.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны бүкіл
пайдалану мерзімі бойы сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне
зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
• Құрылғыны электр желісіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеу үйіңіздегі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп
алыңыз.
• Приборды тегіс ылғалға төзімді жылу
көздерінен және ашық оттан алшақ бетке
орналастырыңыз.
• Желілік шнурдың ыстық беттерге және
жиһаздың өткір жиектеріне тиюіне жол
бермеңіз.
• Құрылғыны бөлмеден тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Егер құрылғыны пайдаланбайтын болсаңыз,
оны міндетті түрде электр желісінен ажыратып
отырыңыз.
• Пышақ жүздеріне қол тигізбеңіз, олар өткір
және қауіп төндіреді!
• Пышақтар кездейсоқ тоқтап қалған жағдайда
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
осыдан кейін ғана пышаққа тіреліп қалған
ингредиенттерді алып тастауға болады.
• Тостағанға өнімдерді лық толтырмаңыз
және құйылған сұйықтықтардың деңгейін
қадағалаңыз.
• Құрылғыны өнімсіз қосуға тыйым салынған.
• Пышақ толық тоқтағаннан кейін ғана моторлы
блоктан тостақты шешу және азық-түліктерді
шығарып алу мүмкін болады.
• Желілік шнурдың ашасын электрлік розеткадан
ажыратқан кезде желілік шнурдан тартпаңыз,
желілік шнур ашасын қолмен ұстап суырыңыз.
• Моторлы блоктың корпусын және желілік
шнурдың ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны ас үйдегі раковинаға тікелей жақын
жерде пайдаланбаңыз, құрылғыны ылғалдың
әсеріне ұшырауын болдырмаңыз.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін
желілік шнурды, желілік шнур ашасын немесе
моторлы блоктың корпусын суға немесе кез
келген басқа да сұйықтыққа батырмаңыз.
• Прибор суға түсіп кеткен жағдайда:
–
суға қол сұқпаңыз;
–
желілік шнур ашасын розеткадан дереу
суырыңыз, тек осыдан кейін приборды судан
алып шығуға болады;
–
құрылғыны тексеру және жөндеу үшін рұқсаты
бар (уәкілетті) сервис орталығына жолығыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде балаларға
моторлы блок корпусына және желілік шнурға
қол тигізуіне рұқсат етпеңіз.
• Балалар
приборды
ойыншық
ретінде
пайдаланбас
үшін
оларды
қадағалап
отырыңыз.
• Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың
пайдалануына арналмаған. Жұмыс кезінде
және жұмыс кезеңдері арасындағы үзілістерде
құрылғыны 8 жастан кіші балалардың қолдары
жетпейтін жерге орналастырыңыз.
• 8 жастан үлкен балалар және мүмкіншілігі
шектеулі жандар өздерінің қауіпсіздіктеріне
жауапты адамдардың қадағалауымен ғана
және оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы және оны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда орын алуы мүмкін қауіпті жағдайлар
туралы тиісті және түсінікті нұсқаулар берілген
жағдайда құрылғыны пайдалана алады.
VT-2620.indd 12
20.06.2014 15:47:22