21
ҚАЗАҚША
– Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бұзылыстар бар
болған жағдайда оны пайдаланбаңыз.
– Аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін триммерді
қосу алдында электр желісінің кернеуі желілік
бейімдегіштің жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
– Құрылғы жиілігі 50 Гц айнымалы ток желісінде
жұмыс істеуге арналған, құрылғының талап етілген
номиналдық жиілікте жұмыс істеуі үшін ешқандай
баптау талап етілмейді.
– Аккумуляторлық батареяны зарядтауды және
қондырма (5) құрамына кіретін жүздер блогын
майлауды төменде берілген ұсыныстарға сәйкес
жүзеге асырыңыз.
Аккумуляторлық батареяны зарядтау
– Желілік адаптер бауының штекерін (8) ұяға (4)
салыңыз.
– Триммерді түзу тұрақты бетке қойыңыз.
– Желілік бейімдегішті (8) электр розеткасына сұғыңыз.
− Аккумуляторлық батареяның толық зарядтау уақыты
2 сағатты құрайды.
– Толық зарядталған батареяның заряды шамамен
60 минут үздіксіз жұмыс істеуге жетеді.
– Аккумулятор зарядтталып болғаннан кейін зарядттау,
желілік бейімдегішті (8) розеткадан шығарыңыз және
штекерді ұядан (4) суырып тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
– Аккумуляторды зарядтауды +5°C-ден төмен емес
және +35°C-ден жоғары емес температурада жүзеге
асырыңыз.
– Егер сіз құрылғыны бір ай және одан да көп уақыт
бойы пайдаланбаған болсаңыз, триммерді пайдалану
алдында аккумуляторды толық арядтаңыз.
– Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
ЖҮЗДЕР БЛОГЫН МАЙЛАУ
Алғашқы пайдалану алдында қондырма (5) құрамына
кіретін жүздер блогын маймен (6) (жеткізілім жиынтығына
кіреді) майлаңыз.
– Майлайтын майды (6) жүздердің жылжымалы және
жылжымайтын бөліктерінің байланысатын орнына
жағыңыз.