23
ҚАЗАҚША
шаштардың биіктігінің максималдық мәнін «10»
қою ұсынылады. Ұзындық реттегішін (2) ары қарай
пайдаланған кезде, қалған шаштың қажетті биіктігін
0,5 мм-ден бастап 10 мм-ге дейін 0,5 мм қадамымен
қоя аласыз.
• Жүздер блогы бар қондырманы (5) корпусқа (1)
салыңыз, қондырманың (5) жоғарғы жағына бекіткіші
іске қосылғанға дейін басыңыз. Қалған шаштың
биіктігін реттеу реттегішті (2) сағат тіліне қарай/қарсы
бұрау арқылы жүзеге асырылады.
• Шаш қырқу кезінде қондырманың (5) жазық бөлігі
шашты тегіс қырқу үшін терімен толық байлаыста
болғанын бақылаңыз.
Ескертпе: – шаштар әртүрлі бағытта өсуіне
байланысты қондырманың (5) жоғары, төмен немесе
оң жақ, сол жақ бағыттары бойынша әртүрлі
қозғалыстарын көруіңізге болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
– Пайдаланып болғаннан кейін триммерді сөндіріңіз.
– Орнатылған қондырманы (5) шешіп алыңыз, ол үшін
қондырманың төменгі бөлігін көтеріңкіреңіз және оны
шешіп алыңыз.
– Қылшақшаны (7) пайдаланып, қондырманы (5) шаштан
тазалаңыз.
– Қондырма (5) құрамына кіретін, жүздер блогын (5)
ағынды су астында жуып жіберуге болады.
– Триммер корпусын сәл дымқыл матамен сүртіңіз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
– Триммерді, желілік бейімдегішті (8) және желілік
бейімдегіш бауын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
– Триммер мен жүздер блогы бар қондырмаларды (5)
тазалау үшін еріткіштерді немесе абразивтік тазалау
құралдарын қолдануға тыйым салынады.
– Әрбір пайдаланғаннан кейін жүздер блогын (5)
майлайтын маймен (6) майлаңыз.
САҚТАЛУЫ
– Құрылғыны сақтауға қоярдың алдында оны тазалап,
жүздерін майлайтын маймен (6) майлаңыз.
– Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.