22
ҚазаҚша
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
–
Қуаттандыруды өшіргішті (2) «OFF» күйіне қою
арқылы машинаны өшіріңіз.
–
Қондырманы (3) жоғары қарай бағыт бойынша
шешіңіз (1-сурет), қондырманың (3) ішкі және сыртқы
беттерінен шаштың қалдықтарын тазалаңыз, ол
үшін қылшақты (6) пайдалану керек.
–
Сіз қондырманы (3) жылы су ағынының астында жуа
аласыз, сосын оны сүртіңіз және кептіріңіз.
–
Корпусты жұмсақ, аздап дымқыл матамен сүртіңіз.
Машина корпусын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға болмайды.
–
Машина корпусы мен қондырмаларды (3) тазалау
үшін еріткіштерді немесе абразивтік тазалау
құралдарын қолдануға тыйым салынады.
Ұстара блогы
Назар аударыңыз! Жүздер блогын (4) сумен
жууға тыйым салынады, жүздер блогын жууға
медициналық спиртті пайдаланыңыз.
–
Ұстаралар блогын (4) жеткізу жинағына кіретін
маймен (5) үнемі тазалап және майлап отыру
керек.
–
Қуаттандыруды өшіргішті (2) «OFF» күйіне қою
арқылы машинаны өшіріңіз.
–
Қондырманы (3) жоғары қарай бағытта шешіңіз
(1-сурет).
–
Жүздер блогының (4) жоғарғы жағын басып, жүздер
блогын (4) шешіп алыңыз (2-сурет).
–
Корпустың ішкі қуысынан және жүздер блогынан
қиылған шаштар қалдығын қылшақпен (6) алып
тастаңыз.
–
Ұстараның тістеріне және үстіңгі ұстараның артқы
тірек бөліктеріне бір-екі тамшы майлайтын май (5)
тамызыңыз.
–
Ұстара блогын (4) ол машина корпусына толық
бекітілгенге дейін астыңғы жағынан басыңыз.
–
Машинаны қосыңыз және ұстара жүрісінің
бірқалыптылығына көз жеткізіңіз.
–
Машинаны өшіріңіз, артық майды құрғақ матамен
немесе қағаз майлықпен сүртіңіз.
IM VT-2513.indd 22
10.07.2018 14:27:17