21
ҚазаҚша
Ескерту: құралды жұмыс арасындағы үзілісте
міндетті түрде өшіріп қойыңыз.
ШАШТЫ ҮЛГІЛЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР
–
Шашты қию алдында қуаттандыруды өшіргішті (2)
«ON» күйіне белгілеп, машинаны іске қосыңыз және
ол іркіліссіз жұмыс істейтініне, ал ұстаралардың
жүрісі жұмсақ екеніне көз жеткізіңіз.
–
Ұстараларда майлайтын май артық болғанда,
қуаттандыруды өшіргішті (2) «OFF» күйіне белгілеп,
машины сөндіріңіз, және артық майды құрғақ
матаның көмегімен кетіріңіз.
–
Шаш қырқу кезінде әмбебап қондырманың (3)
қажетті күйін қолданыңыз. Қондырманың (3) күйіне
байланысты қалдыратын шаштың ұзындығы 1 мм
және 13 мм аралығында өзгеретін болады.
–
Шаш алу кезінде шаш таза және құрғақ болуы
керек. Ылғал емес, құрғақ шашпен жұмыс кезінде
шаш алудың ең жақсы нәтижелеріне жетуге
болады.
–
Адамды оның басы сіздің көздеріңіздің деңгейінде
орналасатындай етіп отырғызыңыз, адамның иығын
орамалмен жауып қойыңыз, тарақтың көмегімен
шашты тараңыз.
–
Қырқуды әрқашан бастың желке тұсынан бастаңыз.
–
Шашты өсу бағытына қарсы және өсу бағытына
қарай алуға болады, бірақ есіңізде болсын, өсу
бағытына қарсы алынған шаш өсу бағыты бойынша
алынған шаштан қысқарақ болады.
–
Біршама ұзын шаштарды қалдыру үшін, шаштың
тұтамдарын саусақтарыңыздың арасына қысып
алып, оларды машинамен қырқыңыз.
–
Бір өткенде шаштың шағын мөлшерін қырқыңыз –
кейін қосымша қию үшін бұрын қиылған жерге қайта
оралуға болады.
–
Тегіс емес шаш тарамын анықтау үшін шашты
тарақпен тараңыз.
–
Шаш тұтамдарын тарақпен көтеріңкіреп, оны
тарақтың үстінен қиып отыруға болады.
–
Шашты түзетіп қырқу үшін қайшыны пайдаланыңыз.
–
Уақыт өте келе сіз өздігіңізден қажет шаш үлгілерін
жасауды үйренесіз.
IM VT-2513.indd 21
10.07.2018 14:27:17