16
ҚАЗАҚША
ЭЛЕКТРҚЫСҚАШТАРЫ VT-
2502
Құрылғы шашты «гофре» түрінде ретке келтіру үшін
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Жұмыс тілімдері
2.
Қосудың жарық индикаторымен біріктірілген,
қосу/сөндіру батырмасы
3.
Ілуге арналған ілмек
4.
Пластиналар бекіткіші
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспапты су маңында ванна бөлмесінде, душта,
бассейнде ж.т.б. жерлерде пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны жуыну бөлмесінде пайдаланған кезде,
оны пайдаланып болғаннан кейін, аспапты желіден
сөндіру, яғни желілік баудың айыртетігін ашалықтан
ажырату керек, себебі судың жақындығы құрылғы
сөндіргішпен сөндірілген жағдайда да қауіп төндіреді;
• Қосымша қорғаныс үшін жуыну бөлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу
құрылғысын (ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды
іске қосылу тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде
маманға хабарласқан жөн;
• Электрқысқышты тұрақты, түзу, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс тілімдері мен сыртқы жұмыс
беттері жылдам балқитын немесе тез тұтанатын
заттармен (пластмасса, полиэтилен, синтетикалық
материалдармен ж.с.с.) жанаспауын қадағалаңыз.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, пайдаланушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында, электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.