12
ҚАЗАҚША
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың қолы
жетпейтін жерде орналастырыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген болмаса,
аспап олардың пайдалануына арналмаған.
• Қуаттандыру бауының бүтіндігін жүйелі түрде
тексеріп отырыңыз.
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
• Қуаттандыру бауы немесе қуаттандыру бауының
айырыы зақымданған болса, егер құрал кідіріспен
жұмыс істесе, сондай-ақ ол құлаған болса, онда
құралды пайдалануға тыйым салынады.
• Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өздігіңізден бөлшектеуге
болмайды,
кез-келген
бұзылыс
пайда
болғанда, сондай-ақ құрал құлаған жағдайда
құралды розеткадан алып тастаңыз және
кепілдік талонында және www.vitek.ru сайтына
көрсетілген байланыс мекен-жайлары бойынша
кез-келген
авторландырылған
(уәкілетті)
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
• Бұзылуларға жол бермеу үшін құралды тек
зауыттық қаптамада тасымалдаңыз.
• Құралды құрғақ салқын, балалар және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтау
керек.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ҚҰРАЛДЫ КОММЕР
ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды төмен температура жағдайында
тасы малдаған немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлме температурасында үш сағаттан кем
емес уақыт бойы ұстау керек.
• Құрылғыны қаптамасынан шығарыңыз және
қаптама
материалдары
мен
жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Жұмыс бетінде (7) қорғаныс үлдірі бар болған
жағдайда, оны шешіп тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құралды зақымдануына қатысты байқаңыз
зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
• Құралдың қуаттандыру кернеуінің көрсетілген
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құралды 60 Гц
жиілікті электрлік желіде пайдаланған кезде
ешқандай қосымша әрекет талап етілмейді.
• Шаңды кетіру үшін буландырғышты сәл ылғал
матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Буландырғышты киімді жылдам булау және
киімдерге сәнді түр беру үшін пайдалануға
болады. Қыртыстары қатты заттар үшін
қосымша үтікті пайдалануға кеңес беріледі.
– Буландырғыш
тек
тұрмыс
жағдайында
пайдалануға арналған.
– Буландырғыш нәзік маталарға күтім көрсетуге
арналған, киімдегі немесе интерьер бұйымындағы
қыртыстарды тегістеуге көмектеседі.
– Егер сіз белгілі типтегі мата немесе киімге
буландырғышты пайдалануға күмәндансаңыз,
онда матаны ішкі жағынан булап көріңіз.
– Нәзік матаны буландырған кезде буландыр-
ғышты бұйымнан 5-15 сантиметр аралықта
ұстаңыз.
– Қондырма-қылшақ (8) киімнен түк пен майда
кірлерді кетіреді, қыртыстарды тегістеуді
жеңілдетеді, будың қалың және ауыр матаға
енуін жақсартады.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Суды таңдау
• Түпқоймаға (6) су құбырының суын құйыңыз,
тұрмыстық сүзгішпен қосымша тазалаудан өткен
суды пайдалануға кеңес беріледі.
• Егер су құбырының суы қатты болса, онда
оны дистилденген сумен 1:1 қатынасында
араластыруға кеңес беріледі, су өте қатты болған
жағдайда дистилденген сумен 1:2 қатынасында
араластырыңыз немесе тек дистилденген суды
ғана пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Желілік сым айырының электр розеткасына
салынбағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын саңылаудың қақпағын (1) ашыңыз.
• Ыдысқа (6) су құйыңыз және қақпақты (1) мықтап
жабыңыз. Максималдық деңгейдің белгісінен
асырмаңыз. Суға арналған ыдыстың (6)
максималдық көлемі – 250 мл.
• Түпқоймаға (6) парфюмерлік қоспаларды,
газдалған суды, химиялық заттарды ж.с.с. құюға
тыйым салынады.
Буландырғышты қосу/өшіру
• Буландырғышты тұтқасынан (4) ұстаңыз немесе
оны термо тұрақты қойғышқа қойыңыз.
• Қуаттандыру баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз, осы кезде индикатор (5) жанады.
• Жұмыс беті (7) белгіленген температураға дейін
қызған кезде индикатор (5) өшеді, осыдан кейін
үтіктеуге кірісуге болады.
• Буландырғышты өшіру үшін желілік бау айырын
электрлік розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: – бірінші рет пайдалану кезінде
қыздырғыш элементтен бөтен иістер пайда
болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
Буландыруға қатысты кеңестер
• Буландырғышты негізгі пайдаланудың алдында
бу камерасын тазалау керек, ол үшін шыққан
буды матаға бағытаңыз, мысалы, ас үй орамалын
үтіктеп көріңіз.
IM VT-2436.indd 12
8/7/20 10:31 AM