13
ҚАЗАҚША
• Егер жұмыс істеу кезінде ыдыста (6) су бітіп
қалса, онда ыдысқа (6) су толтырудың алдында
желілік баудың айырын электрлік розеткадан
шығарыңыз.
• Адам киіп тұрған киімді булауға тыйым салынады,
киімді үнемі ілгішке ғана іліңіз.
• Киімнің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз,
киімнің жоғарғы түймесін қадаңыз.
• Киімді ілгішке іліңіз, киімнің матасы басқа заттармен
жанаспайтынына көз жеткізіңіз. Ілініп тұрған киімнің
артында ыстық буға зақымдануы мүмкін басқа
заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
• Буландырғышты тұтқасынан (4) ұстаңыз немесе
оны термо тұрақты қойғышқа қойыңыз.
• Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз, осы жерде индикатор (5) жанады.
• Жұмыс беті (7) белгіленген температураға дейін
қызған кезде индикатор (5) өшеді, осыдан кейін
үтіктеуге кірісуге болады.
• Бу беруді қосу үшін түймені (2) басып, ұстап
тұрыңыз, осы жерде бу беру сорғысы қосылады
және сипатты дыбыс беріледі, бұл қалыпты
құбылыс. Бу жіберуді өшіру үшін түймені (2)
босатыңыз.
• Буды тұрақты беру тәртібін қосу үшін (2) түймені
басып, ұстап тұрыңыз, бұғаттауды (3) алдыңғы
бағытқа қарай жылжытып, бу беру түймесін (2)
бекітіңіз. Тұрақты бу беруді өшіру үшін бұғаттауды
(3) артқы бағытқа қарай жылжытыңыз.
Ескертпе: – буды металл түймелерге немесе
аксессуарларға бағыттауға кеңес берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс істеу кезінде жұмыс бетін (7) мен
корпустың жоғарғы бөлігі қатты қызады,
жұмыс беті (7) мен корпустың жоғарғы
бөлігіне қол тигізбеңіз, сонымен қатар шыққан
ыстық буға күйіп қалудан сақтаныңыз.
Егер сіз буландырғышты қылшақ-қондыр-
масыз (8) пайдаланатын болсаңыз, онда
жұмыс беті (7) мен киімнің арасында 5 см кем
емес қашықтықты сақтаңыз.
• Буландырғышты матаның бойымен жоғарыдан
төмен қарай ақырын жүргізіңіз, бос қолыңызбен
матадағы қыртыстарды түзетіңіз. Бу беру
қосылған уақытта буландыратын матаның
астына қолыңызды салмаңыз.
• Киімнің жеңін буландыра отырып, жеңнің жоғарғы
бөлігінен бастаңыз және буландыр ғышты төмен
қарай жылжытыңыз. Бос қолы ңызбен жеңді
төмен және диагональ бойынша түзетіңіз.
• Жейденің қалталарын тегістеген кезде буландыр-
ғышты жоғары қаратыңыз.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін, электр розеткасынан
желілік сымның шанышқысын алыңыз.
• Қақпақты
(1)
ашыңыз,
буландырғышты
аударыңыз және қалған суды төгіп тастаңыз,
қақпақты (1) жабыңыз.
Ескертпе: – Буландырғаннан кейін киім сууы және
кебуі керек, бұл үшін біраз уақыт қажет болуы
мүмкін.
ҚЫЛШАҚ-ҚОНДЫРМАНЫ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қылшақ-қондырманы (8) орнатудың алдында
жұмыс бетінің (7) суығанына және желілік
баудың айыры электрлік розеткаға салын-
бағанына көз жеткізіңіз.
• Қондырма-қылшақ (8) киімнен түк пен майда
кірлерді кетіреді, қыртыстарды тегістеуді жеңіл-
детеді, будың қалың және ауыр матаға енуін
жақсартады.
• Жұмыс бетін (7) қондырма-қылшаққа (8)
салыңыз, қондырма-қылшақты (8) бекіту үшін
оның артқы бөлігін басыңыз.
• Қондырма-қылшақты
(8)
шешу
үшін
қондырманың (8) артқы бөлігіндегі бекіткішті
бұғаттан шешіңіз және қондырма-қылшақты (8)
шешіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Желілік баудың айырын электрлік розеткадан
суырыңыз да, оның толық сууын күтіңіз.
• Қондырма-қылшақты (8) шешіп, оны ағын судың
астында жуып алыңыз.
• Буландырғыш корпусын және бу шығатын
тесігі бар жұмыс бетін (7) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Жұмыс бетіндегі (7) минералдық шөгінділерді
су-сірке суының ерітіндісіне салынған матамен
кетіруге болады.
• Буландырғышты тазалау үшін абразивтік жуатын
заттарды және еріткіштерді пайдалануға тыйым
салынады.
• Буландырғышты, желілік бауды және желілік
баудың айырын суға немесе басқа сұйықтықтарға
салуға тыйым салынады.
САҚТАУ
• Буландырғышты электр желісінен ажыратып,
оның толық суығанын күтіңіз.
• Буландырғышты тазалап алыңыз.
• Құралды құрғақ, қараңғыланған және салқын,
балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ықтимал ақаулар және оларды жою жолдары:
Ақаулық
Себебі
Жою
Буландырғыш қосылмайды.
Желілік айыр электрлік розеткаға
салынғанына көз жеткізіңіз.
Электрлік розеткада кернеу жоқ.
Желілік баудың айырын электрлік айырға
салыңыз.
Электрлік розеткаға істейтін электрлік
аспапты салып көріңіз, элеткрлік розетка
жұмыс істемеген жағдайда тиісті
қызметке хабарласыңыз.
IM VT-2436.indd 13
8/7/20 10:31 AM